• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:54:06
Алматы
+35°

08 Наурыз, 2018 NEWS

Бір күндік құрметтің қадірі

Бір күндік құрметтің «қадірі» қалай баянды болсын

Көктем сайын қазақ қоғамында қос тақырып қай­та­ра қойыртпақтанып жатады. Біріншісі, 14 ақ­пан - «әу­лие Валентин күні», екіншісі, 8 наурыз - Халық­ара­лық әйелдер күні. Шынтуайтына келгенде, бұл ат­ал­ған қос мейрамның да тарихы жетісіп тұрған жоқ. Оның үстіне екеуі де қазаққа жат, зорлықпен та­ңыл­ған даталар. Орыстілді немесе орысқол қазақ ба­у­ыр­ларым, әрине, кеңірдектерін созып, уәж айта жа­т­ар, бірақ, бәрібір, бәрінікі бос сөз, құр қоқан-лоққы...
«Ұра берсең, сайтан да өледі» демекші, әулиенің күні күңгірттене бастаған сыңайлы, тек басына орыс­шыл­дық өтіп кетіп, жүрегіне қара дақ салған топалаң то­быр ғана 14 ақпанда қолдарына жүректің суреті са­лынған титімдей открыткаларын ұстап, алақтап жүр...
Ең қиындауы, 8 наурыздың нәубеті болып тұр. Аға буын айықпастай уланып, орта буын оңбай омақасқан, тіпті, жас буынның буынына түсіп кеткен Әйелдер күні, бір қарағанда, зиян-зобалаңнан ада, шаймашуақ көктемнің көңілді беташары секілді. Дей тұрғанмен, 8 наурыздың тарихы да тарамыстанып жатыр. 
 
Тек, анаға деген құрмет қана қазақтың тілін күрмелтіп, екпінін еңселетіп отыр.
 
Негізі, 8 наурыз - гүл сатушылардың нағыз мейра­мы. Сірә, осы бизнестің өкілдері осы бір-ақ күнде бір жылдық қорын жинап алатын шығар. Құрбан айт­ында қой саудалаушылар о дүниенің сауабынан гөрі, бұ дүниенің қалауына жеңіліп жатса, 8 наурызда гүл сатушылардың құдайы беріп қалады. Қызғаныш жоқ, еңбек еткен еселеп жесін, бірақ, тағы да ұят пен иманды аттап кететініміз қалай?!. Қалтасы жұқа бір-ақ тал гүл алғанға алара қарап, қалтасы мен қар­ны қампиып, бірнеше кәрзіңке гүл шоғырларын саудалағанның алдында құрдай жорғалайтынымыз қалай?..
«Мейрамның тарихы» демекші, 8 наурыз туралы ойын білдірген белгілі тележурналист Серік АБАС-ШАХ ағамыз көгілдірлер мен еркекшоралардың ойлары мен қолдарынан шыққан заттарды еркін қолдана беруге шақырыпты. Меніңше, «спорный вопрос»...
Даусыз мәселе, 8 наурыз жайлы қазақ қоғамында біржақты тұжырым жоқ. 
 
Бір күндік құрметтің «қадірі» қалай баянды болсын! 
 
Аяулы ана мен ардақты ару күн сайын, сәт сайын құрметке лайық.
Қажымұқан Ғабдолла
 
Қажымұқан Ғабдолла
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір