• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:42:43
Алматы
+35°

25 Сәуір, 2018 Аймақтар

Былтыр Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне 18 тексеріс жүргізілді

Өткен жылы Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне 18 тексеріс жүргізілді

Өткен жылы Табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне 18 тексеріс жүргізілді.

Мұндай тың ақпаратты Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Сәмбетов айтты. 

Болат Қуанышбекұлының айтуы бойынша, 2017 жылдың қорытындысы бойынша табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне 18 тексеріс жүргізілді, оның ішінде: 13 жобадан тыс, 5 жобалы тексерістер. Бұзушылықтар анықталды: 10, бұзушылықтар анықталмады: 8. 

ҚР табиғи монополиялар заңнамасын бұзушылықты тоқтату жөнінде 15 ұйғарым шығарылды, оның ішінде: 13 өз еркімен орындалып, 2 бойынша сотқа арыз берілді. Аталған ұйғарымдар сот шешімімен өз күшінде қалды. 

 Жалпы сомасы 178 млн.теңге көлемінде 36 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, оның ішінде 116 млн.теңге өндіріп алынды, 62 млн.теңге күштеп өндіріп алуға жолданды,-дейді ол. 

Сонымен, 2017 жылда Департамент тарапынан  бәсекелестікті шектеуді болдырмау мақсатында 14 тергеулер жүргізілді. 

Оның ішінде: 

4-уі – үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде 

4-уі - бәсекелестікке қарсы келісімдер бөлігінде 

2-уі - бәсекелестiкке қарсы әрекеттер бөлігінде 

4 – уі -  жосықсыз бәсекелестік бөлігінде. 

Қорытындысы бойынша 19 әкімшілік іс қозғалды. 

31 сотта істі қарауға қатысты. 

366,6 млн. тенге сомасында айыппұл салынды. 

2016 жылы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне нарық субъектіліренің іс-әрекетінде (әрекетсіздігінде) монополияға қарсы заң бұзушылық белгілерінің болуы туралы  хабарлама институты енгізілді. 

2017 жылда Департамент тарапынан бойынша 23 хабарлама енгізілді, бәсекелестікті қорғау салысы бойынша бұзушылықтарды жою 11 ескертулер енгізілді, - дейді департамент басшысы Болат Қуанышбекұлы. 

2019 жылы Алматы қаласында 2 478 дана ортақ есептеу аспабы орнатылмақ.  

Департамент басшысы Болат Қуанышбекұлының айтуынша, заңнамаға сәйкес, тарифтердің айқындығы және алдын ала болжамдылығы үшін монополист өз қызметтерін 5 және одан жоғары жылдар мерзіміне бекітілген тарифтердің шекті деңгейлері бойынша көрсетуі міндетті. 

Осыған байланысты, уәкілетті органмен «Алматы жылу жүйесі» ЖШС қызметтеріне қолданыстағы тарифтен 10,4% өсуімен 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап қолданысқа енуімен 2017-2021 жылдарға арналған тарифтердің шекті деңгейлері бекітілді. Келесі кезеңдердегі тарифтер 2018 және 2021 жылдар аралығында жыл сайын өзгереді.  

Кәсіпорынның арнайы техникаларды жаңартуы арқасында аварияларды тоқтату 17%-ға азайды, бір күнде 600 адамға дейін қызмет көрсете алатын қазіргі заманның «Тұтынушыларға қызмет көрсету орталығы» ашылды, нормативтік техникалық ысыраптар 16,4%-дан 15,6%-ға дейін қысқарды. 

Өндіруші және жабдықтаушы ұйымдардың тарифтерінің айырмашылығын жабу мақсатында 1,3 млрд.теңге көлемінде қаражат іздестірілді, жергілікті бюджеттен 1,9 млрд.теңге бөлінді. 

Алматы қаласына арналған газдың бағасының ең жоғары екеніне қарамастан, Қазақстан бойынша біз 12 орындамыз,-деп айтып өтті ол өз сөзінде. 

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2012 жылдан бастап жылу энергиясының тарифтері ортақ есептеу аспабының болуы және болмауына байланысты дифференцирленген. Осыған байланысты, есептеу аспаптары жоқтарға есептеу аспаптары орнатылғандарға қарағанда 36%-ға жоғары тариф қолданылады. 

Алматы қаласында 4262 үйде жалпы саны 5282 жылу энергиясын есептеу аспаптары орнатылған. Ол қажетті есептеу аспаптарының 69,6% құрайды.  

Сонымен қатар, аспаптары жоқтарға 1 м2 үшін ақы мөлшері сыртқы ауаның температурасына байланысты, және де басқа айларға қарағанда қаңтар айында ең жоғары. 

Атап айтқанда, бұрын «АлЖЖ» ЖШС ОЕА орнатқанда төлем бойынша 1 жылға дейін бөліп төлеуді қарастырған болса, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ шарт жасалғаннан кейін мерзімі 4 жылға дейнігі бөліп төлеу іске асырылады.  

2019 жылдың соңына дейін 2 478 дана мөлшерінде жалпы бағасы 2 млрд.теңгені құрайтын ОЕА орнатылмақ.  

Және де, 2017-2018 жылдардың жылыту кезеңі үшін халыққа қайта есептеу 2018 жылдың маусым айында жүргізіледі, - деп баяндады департамент басшысы Болат Сәмбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір