• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:51:43
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2018 Айтты-ей, бауырың!

«Білім министрі – мұғалім, энергетика министрі – пеш жағушы болсын»

Жай ғана жүрмей, өз салалары бойынша қызмет жасап қайтсын.

Саясаттанушы Әміржан Қосанов министрлердің қазақ тілін жылдам меңгеруі үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа төмендегідей ұсыныс айтты. Бұл туралы саясаттанушы өзінің Фейсбуктегі парақшасында жазды.

Елбасына ұсыныс

Министрлеріңіз шынымен де қазақ тілін үйренсін десеңіз, мемлекеттік тіл тұнып тұрған ортаға - ауылға бірнеше айға жіберіп алыңыз.

Жай ғана жүрмей, өз салалары бойынша қызмет жасап қайтсын.

Мәселен, білім министрі - мұғалім, 
денсаулық сақтау министрі - дәрігер, 
еңбек және әлеуметтік қорғау министрі - өз күнін өзі көруші, ақпарат және коммуникация министрі - аудандық газеттің тілшісі, 
мәдениет және спорт министрі - аудандық хор әншісі не жаттықтырушы, 
инвестиция мен даму министрі - жол құрылысшысы, 
қаржы министрі - аудандық қаржы бөлімінің қызметкері, ауыл шаруашылық министрі - агроном не шопан, 
дін және азаматтық қоғам министрі - имам не жергілікті оппозиционер, 
әділет министрі - адвокат, 
энергетика министрі - электрик не пеш жағушы, 
ішкі істер министрі - учаскелік полицей, 
қорғаныс министрі - әскери бөлімше офицері, 
ал ұлттық экономика министрі - шағын фирма жетекшісі боп жұмыс атқарып, Ұлттық банк төрғағасы жұмыс істейтін аудандық банктен несие алып көрсін.

Тілді де тез үйренеді, өздері басқарып отырған салалардың қыр-сырын да жақсылап меңгеріп алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір