• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:33:13
Алматы
+35°

14 Тамыз, 2017 Ғылым-білім

Білім гранттары 1487 орынға ұлғайтылды

Комиссия жұмысының отырысына ата-аналардың өкілі де қатыстырылған

Биыл Мемлекеттік білім гранттарының иегерлері жарияланған соң, грантсыз қалған талапкерлер мен ата-аналар тарапынан көптеген сұрақ туындады. Осыған орай, 13 тамызда «Атамекен» ҰКП, білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақтарының, ЖОО қауымдастығының, сондай-ақ ата-аналар қауымы өкілдерінің қатысуымен өткен Мемлекеттік білім гранттарын беру жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өткен еді. Нәтижесінде, гранттар тізімі 3,5% немесе 1487 грантқа ұлғайтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында комиссияның жұмыс тобы мен қорытындысы бойынша ҚР Білім және Ғылым министрлігінің өкілдері журналистермен баспасөз конференциясын өткізді. 

– «Алтын белгі» иегерлеріне білім гранттары тиесілі болғандықтан, республикалық комиссия бұл санаттағы талапкерлерді гранттармен университеттердің, сондай-ақ білім және ғылым министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі қаражаттары есебінен қамтамасыз ететін болады. Бұл «Алтын белгі» иегерлерінің білім деңгейінің негізінен жоғары екендігінің тағы бір көрсеткіші. Сондықтан да «Алтын белгі» иегерлері грантсыз қалдырылмайды, –  деді ЖОО Қауымдастығының Президенті, комиссия мүшесі Рахман Алшанов.

Сонымен қатар, комиссия жұмысының отырысына ата-аналардың өкілі де қатыстырылған. Оларды Ұлттық тестілеу орталығында гранттарды бөлетін автоматтандырылған жүйе жұмысымен таныстырған.

– Гранттарды бөлу процессінің ашықтығына және онда адами фактордың жоқтығына көзіміз жетті. Мұндағы жүйе бойынша бірі төмен баллмен сұранысқа ие мамандыққа тапсырады, енді бірі жоғары баллмен төмен немесе орташа мамандықтарды таңдайды. Сондықтан да ҰБТ-ның нәтижесі осылай шыққанын түсіндік, –  деді баспасөз-конференцияға қатысқан ата-аналар қауымының өкілі Нұрлыгүл Ақашова   

Өз кезегінде министрлік алдағы аптада «Алтын белгі» иеленіп, бірақ ҰБТ барысында төмен нәтиже көрсеткен түлектердің мектептерінде тексеру жүргізетіні туралы мәлімдеді. Оның нәтижесі түлектерге әсер етпейтінін хабарлаған спикерлер «Алтын белгіні» тағайындау барысында құжаттарды бұрмалау  фактілері анықталған жағдайда мектеп басшылығына қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір