• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:06:35
+35°

23 Мамыр, 2018 NEWS

"Білім берудегі басты мәселе оқушыларға бағдар берудегі психологтың рөлі"

Елімізде білім саласындағы бәсекелестікке бейімделген сапалы деңгейдегі жаңа мамандарды дайындау қажеттілігі туындады.

Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.  «Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын биылғы Жолдауының заңды жалғасы деп білемін. Елбасымыз өз мақаласында таяу жылдарға арналған нақты міндеттерді айқындап берді. Осы ретте әсіресе, жаңашыл рухта тәрбие көрген жастарымыз белсенді жұмыс жасауы керек.

Қазіргі уақытта, Қазақстанның үшінші жаңғыруын қамтамасыз етуге қатысты тапсырмаға байланысты, елімізде білім саласындағы бәсекелестікке бейімделген сапалы деңгейдегі жаңа мамандарды дайындау қажеттілігі туындады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Өмір сүру үшін өзгере білу керек». Осындай өзгерулердің бір бағыты – ол қоғамдық сананы жаңғырту, сондай-ақ тек қоғамдық және гуманитарлық білімдер негізінде жүзеге асырылатын өзгертулер болмақ. Бұл барлық мамандықтар студенттерінің қоғамдық және гуманитарлық білім саласында сапалы дайындығының болуын меңзейді, өйткені олар заманауи процестерді түсініп, сананы жаңғырту қағидаларының – ашық болудың, прагматизмнің, бәсекелестікке қарсы тұра білудің басты дәріптеушілері болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев айтқандай: «Болашақтың негізі, білім ордаларының аудиторияларында қаланады». Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе әлеуметтік-педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмүнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Бүгінгі таңда да әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық  Университеті өзінің көпжылдық дәстүрінен ауытқымай, жас ұрпақтарға көмек көрсетіп, болашағына бағдар беруін жалғастыруда. Мұны тек жоғарғы            оқу орнының қабырғаларында атқарылып жатқанжұмыстарғанаемес, соныменқатаруниверситеттентысқоғамдықіс-шараларайқындай түседі. Мәселен, «Рухани жанғыру: «Рухани құндылыққа бастау болған бағдарлама» жобасы аясында Филоофия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Н.С.Жұбаназарова және Ұ.Б.Төлешованың  ұйымдастыруымен Алматы облысы Есік қаласы Қ. Сәтпаев атындағы орта мектептің ұжымдарымен, жоғары мектеп оқушыларымен  «Рухани жанғыру: «Рухани құндылыққа бастау болған бағдарлама» негізінде дөңгелек үстел өтті және «Мектеп оқушыларына кәсіби бағдар берудегі психологтың рөлі» тақырыбында мектеп оқушыларымен ашық есік іс-шара өткізілді буклеттер таратылды  тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Студенттер

Бағдарламаның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарында тұлғаны тәрбиелеу баланың өмірлік іс-әрекеті үрдісін педагогтың дұрыс ұйымдастыруы және бағыт беруі арқылы жүзеге асатындығын жан-жақты таныстыру болатын. Мемлекетімізде осындай білікті де білгір, нағыз кәсіби мамандарды даярлайтын жоғары оқу орны әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің деканы профессор А.Р. Масалимованың  басқаруымен факультетімізде адамның күрделі де қызықты, шытырманы мол рухани жан дүниесіне үңіліп, студенттерге бағыт-бағдар беріп, оның позициясында болатын, сезімдерін бағалайтын, кәсіби деңгейі, интеллектуалдық, шығармашылық деңгейі жоғары мамандар дайындалуда. Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі З.Б.Мадалиеваның басшылығымен кафедрада Отандық психология ғылымын дамытуда үлкен еңбек етіп жүрген, арнаулы мектебі бар ірі  ғалымдар,  жоғары білімді, білікті профессор-оқытушылар қызмет атқарады. Сонымен қатар бакалавриат, магистратура, PhD докторантурада қазақ, ағылшын, орыс тілінде білім беру бағдарламалары бойынша білікті психолог мамандар дайындалады.

Н.С. Жубаназарова

жалпы және қолданбалы психология кафедрасының

 доценті психология ғылымдарының кандидаты

Ұ.Б.Төлешова

Педагогика және менеджмент  кафедрасының доценті,

Педагогика  ғылымдарының кандидаты

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір