• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:57:24
Алматы
+35°

09 Шілде, 2018 Спорт

Бейбіт Шүменов WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды

Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны ұтты.

Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны жеңді, деп хабарлайды vesti.kz.

Кәсіпқой боксқа оралған Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Отандасымыз Астанада өткен бокс кешінде түрік боксшысы Хизни Алтункаяны ұтты.

Қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет нокдаунға түсірді. Бүйірден тиген соққыдан кейін түрік боксшысы бір тізерлеп алды. Кейінгі екі раундта боксшылар бір-бірінің осал тұсын аңдып, жекпе-жекті жалғастырды. Бейбіт әр сәт сайын шабуылдап, қарсыласын бұрыштан-бұрышқа тықсырумен болды.

Шаршы алаңдағы Бейбіттің басымдығы төртінші раундта да байқалды.  Қаша жүріп жұдырықтасқан Хизни де қалысып қалмады. Реті келгенде соққы жасап қалуға ұмтылды. Бірақ түрік боксшысы төзімділік танытып, соққылардан сытылып шығумен болды. Тоғызыншы раундта Бейбіттің дөп тиген тағы бір соққысынан кейін Хизни Алтункая екінші рет нокдаун алды.

Тоғызыншы раундтан кейін түрік боксшысының жаттықтырушылары жекпе-жекті тоқтату туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Бейбіт Шүменов техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық атағын иеленді.

- Елорданың 20 жылдығы құтты болсын! Елбасымыз аман болсын! Жігіттердің жеңісі құтты болсын! 2-3 жылдың ішінде Қазақстаннан көп чемпиондар шығатынына күмәнім жоқ, - деді боксшы.

Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін 2016 жылдың мамырында өткізген еді. Одан кейін кәсіпқой бокстағы мансабы аяқталғанын хабарлаған-ды. Биыл шаршы алаңға қайта оралды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір