• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 04:21:41
Алматы
+35°

03 Желтоқсан, 2016 Дәстүр

БЕС САНЫ

Бес дегеніміз — бес парыз:

Бес дегеніміз — бес парыз:

1. Алланың бірлігіне иман келтіру

2. Бес уақыт намаз оқу.

3. Рамазан айында отыз күн ораза ұстау.

4.Малы қажетіне жеткенде зекет беру.

5.Дәулеті жеткенде бір рет қажыға бару.

 

Пайғамбардың бес сипаты:

1.Адал, таза, күнәдан пәк болу.

2.Өтірік айтпау, ғайбат айтпау, жалған іс істемеу.

3.Алланың әмірін пенделерге қаз-қалпында жеткізу.

4.Көреген, ақылды, зерек болу, Аллаға серік қоспау.

5.Сабырлы, мейірімді, қажырлы болу.

 

Мұхаммед пайғамбардың бес сипаты:

1. Батыр, күшті, мығым, сенімі тұрақты.

2. Адам және перілерді бағындырушы ахирет күніне дейін Алланың қақ жолында мызғымай жүруші.

3. Жүз жиырма төрт мың пайғамбардың соңғысы, кенжесі, ақырзаман пайғамбары, одан кейін пайғамбар келмейді.

4. Күллі мұсылмандардың патшасы, мұсылман дінін әкелуші.

5. Қиямет күні ахиретте азап тартқандарға Алладан жалғыз ғана кешірім сұраушы, тозақ отынан арашалаушы.

 

Ғұсылдың сүннеті бесеу:

1.Биссмилла деп ниет ету.

2.Биссмилла деп иманға келу.

3. Әуратын тазалап жуу.

4.Басына, одан соң оң және сол жақ иығына су құю, бүкіл тәнін тазалап жуу.

5.Әуратын жауып жасырып ұстау.

 

Мәсі сыртынап масих тартудың шарты бесеу:

1. Мәсі дәреті бар аяққа киілген болу.

2. Мәсі тобықты жасырып тұрган болу.

3. Мәсі жыртылмаған бүтін болу.

4. Мәсінің ішінен шылғау оралған болу.

5.Мәсі сыртынан сулы қолмен масық тарту.

 

Қажылық шарты бесеу:

1.Тұла бойында жарақат болмау.

2.Ауру-сырқау болмау, жол қаупі болмау.

3.Қасына некесіз әйел еріп бармау.

4.Жесір әйел некесіз ерді ертіп бармау.

5.Кедей адам қарызданып қажыға бармау.

 

 

Бес жарық түн:

1.     Мәуліт түні — Мұхаммед пайғамбар туылған түн.

2.     Ражап түні – Әмина анамыздың пайғамбарымызға жүкті болған түні.

3.     Миғраж түні — Мұхаммед пайғамбардың Алланың тұрағына барып қайтқан түні.

4.      Ақталу түні — Лаухул Махфуз жарлығы жер бетіне түскен түні.

5.  Қадыр түні — Құран аяттарының Мұхаммед пайғамбарға түсе бастаған түні.

 

Бастағы бес мүше:

1.     Көз.

2.     Құлақ.

3.     Ауыз.

4.     Тіл.

5.     Мұрын.

Бес намаз:

1.     Таң намазы.

2.      Бесін намазы.

3.      Екінті намазы.

4.      Ақшам намазы.

5.      Жаших намазы.

Бес саусақ:

1.     Басбармақ.

2.      Сұқсаусақ.

3.      Ортан терек

4.      Шылдыр шүмек

5.      Кішкене бөбек

Бес қат сана:

1.    Алла.

2.    Періште.

3.    Пайғамбар.

4.   Адам.

5.  Шайтан.

 

Болат Бопайұлы Жота Қажы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір