• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 04:49:25
Алматы
+35°

21 Маусым, 2018 Аймақтар

Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды

Берік Уәли Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Құрманғали Берік Уәлиұлы Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқарма басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Уәли Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. 1997 жылы өз еңбек жолын бастап, Берік Уәли «Таң», «НТК», «31 канал», «Хабар» телекомпанияларында жұмыс істеді.

«Аманат» интеллектуалды клубын, «Нұр Медиа» антикоррупциялық медиа-орталығын басқарды.

2012 жылдан бастап ОҚО әкімі аппараты бастығының орынбасары болып жұмыс атқарды және баспасөз қызметін басқарды.

Сонымен қатар, ОҚО Дін істері басқармасы және Ішкі саясат басқарма басшысы болды.

2016 жылдан 2018 жылдың маусым айына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі, министр кеңесшісі болып қызмет етті.

 

Araily Zhaqsylyq

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір