• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 03:05:08
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2018 NEWS

Берік Арын Еуропалық парламент делегациясының өкілдерімен кездесті

Сондай-ақ, вице-министр Еуропарламент депутаттарының сұрақтарына жауап берді

Бүгін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын «Қазақстан Республикасы-Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің тең төрағасы Ивета Григуле бастаған Еуропалық парламенттің делегациясымен кездесу өткізді.

Айта кетсек, Еуропалық Парламенттің (ЕП) Орталық Азия және Моңғолия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі делегациясының төрағасы Ивета Григуле-Петерсенің бастаған ЕП делегациясы 10 мамырда Астанаға келген болатын. 

Делегация «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысына қатысу үшін Астанаға сапармен келді. Аталған институт 1999 жылдан бастап жұмыс істеп келеді және тең парламентаралық диалог жүргізу үшін тиімді алаң ретінде қызмет етеді.

Кездесуге сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі және Люксембургтег Төтенше және Өкілетті Елшісі,  Қазақстан Республикасының  ЕО және НАТО Өкілдігінің басшысы Алмаз Хамзаев, Дін істері комитетінің төрағасы Еркін Оңғарбаев, Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Әлия Ғалымова, Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов қатысты.  

Берік Арын Еуропалық парламент депутаттарын Еуропа күнімен құттықтап, оларды Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің діни саланы реттеу, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының тиімді үлгісін қалыптастыру және мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жөніндегі қызметімен таныстырды. Сондай-ақ, вице-министр Еуропарламент депутаттарының сұрақтарына жауап берді.

Атап айтқанда, еуропалық парламентшілер Қазақстанда азаматтық қоғам институттарының даму ерекшеліктеріне, діни экстремизмге қарсы әрекет ету тәжірибесіне, ҮЕҰ-дың қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына қызығушылық танытты. Өз кезегінде депутаттар ЕО елдерінің салық салу саласындағы үкіметтік емес ұйымдарға қолайлы жағдай жасаудағы тәжірибесі туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша конфессияаралық үнқатысуды қамтамасыз ету, діни экстремизмге қарсы әрекет ету және азаматтық қоғам институттарын дамыту шеңберінде Қазақстан мен Еуропалық Парламент арасындағы белсенді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың маңыздылығы атап өтілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылғы 10 мамырда Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақтың сыртқы саяси және қауіпсіздік мәселелері талқыланған «Қазақстан Республикасы - Еуропалық Одақ» парламенттік ынтымақтастық комитетінің 15-ші отырысы өткен болатын.

Қазақстанның Еуропалық Одақпен сауда-экономикалық байланыстары жоғары деңгейде сақталып отыр. Еуроодақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі. Оның үлесіне ҚР-дың сыртқы сауда айналымының 50% және ел экономикасына тартылған шетелдік капиталдың жартысынан астамы тиесілі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір