• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:44:45
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Берік Арын дін істері жөніндегі басқарма басшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын халық бірлігінің негізі» тақырыбында республикалық семинар-кеңеске қатысты.

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Зайырлы қоғам және жоғары руханият –халық бірлігінің негізі» тақырыбында республикалық семинар-кеңестің отырысына қатысты.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

http://www.qamshy.kz/

Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, ЖОО-ның ректорлары, діни бірлестіктер мен этно-мәдени орталық өкілдері, барлығы 450 адам қатысты.

Берік Арын өз сөзінде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының, сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының негізгі басымдықтары туралы әңгімеледі.

«Діни саладағы тұрақтылық - қоғамдық-саяси жағдай мен мемлекеттің қауіпсіздігі үшін маңызды. Елдегі тұрақтылық мемлекеттік саясаттың сәтті жүзеге асырылуына негіз болады, сондай-ақ,  елдің одан әрі дамуының векторы айқындалады», - деді вице-министр.

Жұмыс сапары барысында вице-министр Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының дін істері басқармаларының басшыларымен, дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталықтарының директорларымен кеңес өткізді. Сондай-ақ, жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері мен лаңкестікке қарсы комиссиялардың жауапты мамандары қатысты.

http://www.qamshy.kz/

Сондай-ақ, вице-министр діни мәселелер бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру топтарының (РАТТ) жұмысын саралап, осының аясында ҚМДБ аймақтық филиалдарының имамдарымен, өңірлердегі дін істері жөніндегі басқарма басшыларымен және аймақтық проблемаларды зерттеу орталықтарының директорларымен кездесулер өткізді.

Берік Арын қатысушыларға діни саладағы мемлекеттік саясатты мағыналы түсіндірудің, елдің дамуының зайырлы принциптерін және конфессияаралық келісімді насихаттаудың, діни экстремизм мен радикализмнің алдын-алу және халықтың көп шоғырланған аумағында  радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастырудың маңыздылығын атады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір