• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:28:55
Алматы
+35°

16 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Березов жəне Бестау тұрғындарына арналған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды

БҚО-дағы Березовка және Бестаудан көшірілгендерге арнап салынған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды

БҚО-дағы Березовка және Бестаудан көшірілгендерге арнап салынған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы БҚО əкімі Алтай Көлгінов твиттердегі микроблогында мəлімдеді.

БҚО

Оның айтуынша, Березов жəне Бестау тұрғындарына арналған мектеп қаңтарда жұмысын бастайды.
Облыс əкімі Бөрлі ауданына сапары барысында Аралталдағы мектепке бас сұқты. Құрылыс жұмыстары өткен жылдың тамызында басталған болатын. Бұл мақсатқа 850 млн.теңге бөлінді. Білім ошағы 300 оқушыға арналған.

Әкім бұл күні сондай-ақ Ақсай қаласының Қарашығанақ-1 шағын ауданынан салынған бес қабатты, 75 пәтерлік тұрғын үй кілттерін пәтер иелеріне салтанатты түрде табыс етті.

Елбасы қабылдаған «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған пәтерлердің кілттерін сіздерге табыстағалы тұрмыз. Бұл сіздерге деген мемлекеттің қамқорлығы. Биыл өңірімізде Елбасы бағдарламаларына сай он төрт көп қабатты үй құрылысы салынуда. Осының нәтижесінде барлығы 1700 отбасы өз пәтерлеріне қоныстанатын болды, - деді Алтай Сейдірұлы.

БҚО

Облыс әкімі Алтай Көлгінов осы сапарында «ҚПО б.в.» компаниясының бас директоры Ренато Маролимен бірге аталмыш компанияның әлеуметтік жауапкершілігі аясында Ақсай қаласынан березовтық тұрғындарға арнап салынған тұрғын үйге бас сұғып, пәтер иелерімен тілдесті.

БҚО

- Төрт бөлмелі пәтерге ие болдық. Отбасымыздың барлық мүшелеріне жетеді. Бөлмелер кең. Аудан орталығынан осындай жайлы пәтерге ие болғанымыз үшін қуанышымыз шексіз. Елбасы бастаған ел азаматтарына үлкен алғысымызды білдіреміз, - дейді Березов мектебінде тарих пәнінен сабақ беретін жас маман Қамар Әленова.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір