• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:09:57
Алматы
+35°

10 Сәуір, 2018 NEWS

Белгісіз біреулер Қостанайдағы моланың тас-талқанын шығарған (видео)

Тас-талқаны шыққан қабірді көрген ер адам бірден шара қолдануға көшті.

Ағасының мазарын көріп қайтпақшы болған Қостанай тұрғыны Николай Рожко ұшқыштар жерленген қабірдің қирап жатқанын байқап қалады. Онда жерленген ұшқыштар Африкада 2005 жылы қаза тапқан.

Тас талқаны шыққан қабірді көрген ер адам бірден шара қолдануға көшті. Оның айтуынша, былтыр да ағасының қабірі бұзылып, металл құрылымдары ұрланған.

«Болаттың бәрі тоналған еді. Енді ұшқыштардың да мәйіті тоналып, мәрмәр тастарын алып кетіпті. Қабір күзетшісі қайда қарап отырғанын білмеймін. Қашанғы қайталанады?», - дейді Николай Рожко.

Бұдан бұрын қабір ішімен жүрген атты адам қостанайлықтардың наразылығын тудырған. Нәтижесінде аттың иесі жазаланды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір