• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 06:33:27
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

Белгілі журналист Ержан Байтілес жаңа қызметке тағайындалды

Ержан Байтілес 2016 жылы Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына сайланып, содан бері қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүр.

Бүгін белгілі журналист Ержан Байтілес «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл жайында ҚР Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды.

– Нұртөре Жүсіп («Ақ жол Қазақстан» газеті), Қали Сәрсенбай («Алматы ақшамы»), Бауыржан Омаров, Мақсат Тәж-Мұрат, Самат Ибраим («Ана тілі») секілді қазақ журналистикасындағы менмін деген редакторлардың тәжірибесін көрген, республикалық «Ана тілі» газетінде бас редактордың бірінші орынбасары қызметін атқарған, бүгінге дейін ел басылымы «Егеменнің» Қызылорда облысы бойынша меншікті тілшісі болып, 7 жылдай бір облыстың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген Ержан Байтілесті жаңа қызметімен құттықтаймыз, – деді Берік Уәли.

Ержан Байтілес 2016 жылы Қызылорда қалалық мәслихаты депутаттығына сайланып, содан бері қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір