• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 05:46:11
Алматы
+35°

02 Мамыр, 2018 Әдебиет

Белгілі қазақ филологы Шора Сарыбаев өмірден өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 93 жасында өмірден өтті.

2018 жылдың 1 мамырында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 93 жасында өмірден өтті. 

Бұл туралы ғалымның туыстары мен әріптестері әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қазақ тілі тағы бір арысынан айырылды, ағайын! Барлық ғұмырын қазақ тілін зерттеуге бағыштаған Академик Шора Шамғалиұлы Сарыбаев ақсақал бүгін 93 жасында өмірден озды. Орны толмас ауыр қаза! Майра, Салтанат, Қайрат, қайғыларыңа ортақпыз. Ағатайымның жаны жәннатта болсын, ұрпақтары аман болсын!», - деп жазды философия ғылымдарының кандидаты Мұртаза Жүнісұлы Facebook-тегі парақшасында.

Шора Шамғалиұлы Сарыбаев 1925 жылы 2 наурызда Ташкент қаласында дүниеге келген. Тіл білімі маманы, филология ғылыми докторы (1974 ж.), профессор. (1979 ж.),  ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, (1983 ж.), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1985). Оның ғылыми зерттеу еңбектері диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, алтаистика мәселелеріне арналған. 250-ден астам ғылыми мақалалары мен оқулықтары, монографиялары жарық көрген. С.Аманжоловтың тілдегі диалектілерді топтау теориясын әрі қарай дамытып, диалектология саласындағы терминдердің қалыптасуына атсалысқан. "Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігін" (1966), "Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігін" (1969), "Жаңа атаулар сөздігін" (1992) құрастыруға қатысқан.

1965 жылы АҚШ-тағы Гарвард корпорациясының мүшелігіне сайланған, ГФР-да (1975), Түркияда (1994) өткен халықаралық конгресс, конференцияларда баяндамалар жасаған.

Марқұммен қоштасу рәсімі 3 мамырда сағат 10.00-де Алматыдағы Ғылым Академиясы ғимаратында (Құрманғазы көшесі, 29-үй) өтеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір