• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 16:41:28
Алматы
+35°

10 Желтоқсан, 2017 Саясат

Бекболат Тілеухан жат ағымның көбеюіне кім кінәлі екенін айтты (видео)

Бекболат Тілеухан еліміздегі радикалды топтар туралы пікір білдірді.

Бекболат Тілеухан еліміздегі радикалды топтар туралы пікір білдірді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Ол еліміздің батыс өңіріндегі жастардың көбісі жат ағымның етегіне еріп кеткенін айтты. Бекболат Тілеуханның айтуынша, еліміздегі жат ағым мәселесіне ҚМДБ-ның да, қазақтардың да қатысы жоқ, біздің елді арандатып жүрген өзге мемлекеттер екен. 

«Ойланып көріңіздерші. Неге радикалды топтар қайта-қайта Ақтөбеден шығады? Неге Атыраудан шықпады? Неге Ақтаудан, Оралдан шықпады? Енді сіздерге сұрақ қояйын. Атыраудағы мұнайында қай мемлекеттердің үлесі бар? АҚШ пен Батыс елдерінің. Ақтау мен Орал мұнайында да  осы мемлекеттердің үлесі бар. Ал Ақтөбедегі мұнайда Қытайдың үлесі бар. Неге сол Қытай отырған жерден, Қытайдың тұрбасы салынған жерден қайта-қайта жанжал шыға береді? Атыраудағы, Ақтаудағы шектен шығып жүрген жастар мен Ақтөбедегі жастардың айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Өйтекені мәселе Қытайдың тұрбасының түбінен шығып жатқан сыртқы күштердің нақты жасап жатқан дүниесі. Бұл жерде қазақтың ешқандай үлесі жоқ. Бұл арнайы түрде сыртқы күштердің жасап жатқан дүниесі», дейді Бекболат Тілеухан. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір