• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:34:38
+35°

08 Қыркүйек, 2017 Мемлекеттік бағдарламалар

Байтұрсынұлы музей-үйінде музей туралы кітаптың тұсаукесері өтеді

9 қыркүйек күні Ахмет Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу тарихына арналған кітаптың тұсау кесері өтеді.

9 қыркүйек күні Алматыдағы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінде Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы тағылым үйінің қалыптасу тарихына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі» атты кітаптың тұсау кесері өтеді, деп жазады Qamshy.kz
Алматы тұрғындары мен қонақтары арнайы шақырылған шара, сағат 11-де музейдегі Байтұрсынұлының ескерткіш алдында өтеді. Кітап авторы музейдің директоры Райхан Имаханбет.


«Ахмет Байтұрсынұлы мұражайының алғаш ұйымдастырылуы — 1993 жылдың 09-қыркүйегі болатын. Содан бері сырғып 24 жыл өте шықты. Бұл ширек ғасырда Ахаңның мұражайының қалыптасып, дамуы үшін қилы жолдарды бастан кештік. Сол оқиғалардан хабардар болғысы келетін һəм Ахаң мұрасына бей-жай қарамайтын шынайы жанашыр оқырмандарымызға Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің есігі айқара ашық!», - дейді Райхан Сахыбекқызы.

Еске сала кететін болсақ, жақында ғана Ахмет Байтұрсынұлы мұражайы Алматы қаласы бойынша киелі орындар тізіміне енген болатын.

Айта кетсек, жыл басында сол кездегі Үкімет басшысы орынбасар қызметінде болған Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Байтұрсынұлы музей-үйіне арнайы келген болатын. 

Тасмағамбетовтің сапарында музейге бірге келген Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қыдырғалиұлы «Осы жылы музейге Ішкі саясат басқармасы тарапынан және Мәдениет басқармасы тарапынан 10 миллион теңге бөлдік», -  деп хабарлаған еді. Аталмыш кітап Алматы әкімінің уәдесі бойынша әкімдік бөлген қаражатқа шығып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір