• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 22:17:47
Алматы
+35°

YouTube желісінде шетелдіктер Қазақстанды қазақстанның көрікті жерлері арқылы таныған видеосы тарады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Видеоны қазақстандық режиссер Марат Сәрсенбаев түсірген. 

Видеода бірнеше шетел азаматына Байқоңырдың, Бәйтеректің, Шарын шатқалының, Шымбұлақтың  суреттерін көрсетіп, Қазақстанды таныған адамға 50 фунт ұтып алу мүмкіндігі берілген. 

Сонымен қатар, видеода Британияда 50 фунтқа 50 бөлке нан сатып алуға немесе жеңілдікпен Канада аралдарына 2 адамға жолдама алуға болатыны айтылады. 

Шетелдіктердің ішінде Шарын шатқалын көріп АҚШ деп ойлағандар да болды. Ал Түркістан қаласындағы Қожа Ахмед Яссауи кесенесінің суретін көріп Ирак, Түрікменстан, Сирия  деп ойлағандар да бар. Жаркенттегі мешітті көріп, Тайланд, Қытай деп ойлаған шетел азаматтары да баршылық. Бүркітшілердің суретін көрген шетелдіктер Моңғолия немесе Қазақстан деп таңдау жасай алмай қалды. Ал Бәйтеректі көргенде Канада, Ресей деген жауаптар айтыла келе, шотландиялық суреттегі жаңа қала бейнесі, бұл - Қазақстан деп жауап берді. Байқоңыр арқылы да Қазақстанды таныған шетелдік 50 фунтқа ие болды. 

Айта кетсек, 50 фунтты теңгеге ауыстырсақ, 22374.07 теңгені құрайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір