• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:24:13
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Әлеумет

Байлыққа құмар Зимбабвенің бірінші ханымы үй қамақта отыр

2003 жылы Грейс Париж қаласында киім алу кезінде 120 мың АҚШ долларын жұмсаған

Грейс Мугабе  1996 жылы Зимбабвенің бірінші ханымы атанған болатын. Бұған дейін Грейс  президент Роберт Мугабенің  хатшысы болып қызмет атқарған.

Мемлекет басшысының әйелі Салли Хейфрон  қайтыс болғаннан кейін Грейс күйеуін тастап мемлекет басшысына тұрмысқа шығады.

ханым

Осыдан кейін Грейс пен Роберттің қызы мен ұлы дүниеге келеді. Заңды некеге тұрғаннан кейін тағы  ұл бала дүниеге келді.  Үйлену тойынан кейін,  Замбабве президентінің әйелі  Gucci Грейс пен бірінші тұтынушы деген лақап атқа ие болды. Қымбат киім мен алмазға деген махаббаты үшін Грейске осы лақап ат берілген.

2003 жылы Грейс Париж қаласында киім алу кезінде 120 мың АҚШ долларын жұмсаған.

ханым

Грейс қызы Мугабе Бон мен ұшқыш Симба Чикоренің  үйлену кезінде төрт миллион АҚШ  долларын жұмсаған.

2014 жылы Грейс қомақты қаражат жұмсаған екен. Он екі бриллианттан тұратын сақина мен 62 аяқ киімді 106 мың АҚШ долларына алған.

ханым

Президенттің ұлы Чатунга сән-салтанатқа деген сүйіспеншілігімен де  әлемге танымал.

2017 жылдың қарашасында 93 жастағы президент Роберт Мугабе мен оның әйелі 52 жастағы Грейс Мугабе қамауға алынды.

Қазіргі уақытта олар Хараредегі 25 бөлмеден  тұратын үйде қамауда отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір