• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:30:51
Алматы
+35°

13 Маусым, 2018 Саясат

Бауыржан Байбек Қазақстандағы Ресей елшісімен кездесті

Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Ресей Федерациясының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинмен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

Ресей дәстүрлі түрде Қазақстанның негізгі экономикалық әріптестерінің бірі саналады. Алматы мен көрші ел арасындағы тауар айналымы тұрақты дамуды көрсетіп келеді. Өткен жылдың өзінде көрсеткіш 22% -ға өскен. Бүгінгі таңда Алматы қаласының әкімдігі мен Мәскеу, Санкт-Петербург және Қазан қалаларының мэрлері арасында бірқатар бағыттар бойынша ынтымақтастық туралы келісім бар.

Қалада сауда, қаржы, медицина, индустрия және т.б. салаларында ресейлік капиталдың қатысуымен екі мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Алатау ауданының индустриалды аумағында «KMK Invest» ресейлік зауытының кабельді және сым өнімдерін өндіру бойынша құрылысы жүріп жатыр.

Кездесу барысында Ресей елшісі президенттер мен екі ел халықтарының арасындағы жылы және сенімді қарым-қатынастың әрдайым болатындығына тоқталды.

«Бүгінгі күні ЕАЭО аясында бірқатар бірлескен жобалар жүзеге асырылуда. Сонымен бірге, екіжақты туризмді дамыту мен білім беру бағдарламаларын кеңейтудің үлкен әлеуеті бар. Орталық Азия өңіріндегі ең ірі қала ретінде Алматыда түрлі халықаралық форумдар, конференциялар мен фестивальдар ұйымдастырылады, онда Ресейден келген делегациялар  қатысады. Бірнеше күн бұрын ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлер саммиті және Еуразиялық медиа форум өтті. Осының бәрі біздің елдеріміз арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді », - деді Алексей Бородавкин.

Araily Zhaqsylyq

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір