• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:20:44
Алматы
+35°

16 Қараша, 2017 Аймақтар

Бауыржан Байбек Қазақстандағы Франция Елшісімен кездесті

Тараптар сауда- экономикалық, мәдени- гумнаитарлық байланыстар жөніндегі мсәелелерді талқылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасындағы Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық, мәдени- гумнаитарлық байланыстар жөніндегі мсәелелерді талқылады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы қаласы әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Мегаполис әкімі биылғы жылдың 9 айы ішінде Алматы мен Франция арасындағы тауар айналымы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға артып, 191 млн. АҚШ долларын құрағанын айтты. Қалада француз капиталымен 60 кәсіпорын жұмыс істейді.

Француз тарапына «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін инвесторларға қызмет көрсету Орталығы, Индустриалды аймақ және шетелдік компанияларға преференциялар мен жеңілдіктер ұсынатын «ИТП» АЭА аймағы көптеген оңтайлы мүмкіндіктер жасауда.

Өз кезегінде Филипп Мартинэ француз компаниялары «Смарт сити» жобасы мен көліктік реформаларға қатыса алатынын айтты.

Кездесу барысында Француз Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Алматыдағы білім саласына және бірқатар мәдени шараларға қатысты жобаларды жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

"Бүгінгі күні нарықтағы жаһандық бәсеке барысында жетекші мегаполистер сервистік қаладан инновациялық смарт-ситиге өтуде. Smart Almaty концепциясына негізінен экономика, экология және қоғам мүдделерін теӊестіру еніп отыр. Әлемдегі үздік тәжірибелер мен қала тұрғындарыныӊ талабы барысында біз басты бағыттарды анықтадық. IDC халықаралық компаниясымен бірге Алматыда "Ақылды қала" деӊгейінде кешенді сараптама жүргіздік, нәтижесінде әлсіз аймақтар анықталды, сонымен қатар мәселелерді жүйелі түрде шешетін 7 базалық жоба жасалды. Дегенмен, біз тек сандық технологияны ғана енгізуді мақсат етпейміз."Ақылды қала" - түрлі ұтымды технология және бұқара мен биліктіӊ өзара түсіністік мәдениеті. Технология - бұл басқару процестері арасындағы ынтымақтастықты жақсарту, тиімділікті арттыру. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қанымызға сіӊген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаӊ қағидаларды өзгертпейінше, біздіӊ толыққанды жаӊғыруымыз мүмкін емес", -деген еді. Сондықтан біз өзгерістерге, түрлі креативті идеяларды енгізуге, осы жолда бірігіп алға жылжуға дайынбыз", - деді мегаполис басшысы.

Мысалы, "Жайлы қала" жобасы арқылы Алматы машиналардыӊ емес, адамдардыӊ сүйікті қаласына айналады. Қоршаулар алынып тасталып, кеӊістіктер ұлғаяды. Мұндай вектор қала тұрғындарыныӊ кеӊінен қатысуымен және халыаралық сарапшылардыӊ ұсынуымен "Алматы 2020" бағдарламасы аясында қабылданды. Бұл тәжірибені БҰҰ-ныӊ Экономикалық Комиссиясы мен Әлеуметтік Кеӊесі Азия және Тынық мұхит өӊіріндегі елдер үшін еӊ үздік ретінде атап өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір