• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:09:31
Алматы
+35°

23 Мамыр, 2018 Аймақтар

Бауыржан Байбек Еуразиялық медиа форум жұмысына қатысып, сөз сөйледі

Оның айтуынша, биылғы форум заманауи өркениеттің өзгеруі аясында өтіп жатыр

Алматы қаласында, мамыр айының 22-24 жұлдыздарында "The Ritz Carlton" қонақ үйінде XV Еуразиялық Медиа форумы өтті. Форумның тақырыбы: "Эволюцияның 15 жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем". 
Форумның ашылу рәсімін "RizKhan Productions" компаниясының басшысы, БАӘ, продюсер Риз Хан мырза жүргізді. Еуразиялық медиа форум жұмысына қатысқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек сөз сөйледі, деп хабарлайды Qamshy.kz тілшісі.

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек алып өз құттықтауында әлемдегі кейбір мәселелердің туындауына фейк жаңалықтардың әсері мол екенін айта келіп, осы бір түйіткілді құбылыстың алдын-алу қажет екенін ескертті. Қала басшысы форумның Шығыс пен батысты ортақ сұхбатқа шақыратын, аса маңызды заманауи ақпарат кеңістігі туралы мәселелер талқыланатын алаңға айналғанын тілге тиек етті.

«Мерейтойлық форумның Алматыда өтіп жатқаны біз үшін үлкен мәртебе. Форум күнтізбесінде ғаламдық дамудың өзекті мәселелерін белгілі журналистер, сарапшылар, саясаткерлер талқылап жатыр», - деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі Алматы қаласының Тәуелсіздіктің алтын бесігі екендігін әрі қаланың экономиккалық әлеуметтік даму көрсеткіштерін айтып өтті.

Оның айтуынша, биылғы форум  заманауи өркениеттің өзгеруі аясында өтіп жатыр.

«Біздің көз алдымызда геосаяси, экономикалық өзгерістер болып жатыр. Осы орайда, сын қауіп-қатерлерді алдын алу әлемдік БАҚ-тың бүгінгі келбетіне байланысты. Жалған ақпараттар шынайылық пен жауапкершілік қағидаларын бұзуда. БАҚ тек қана қоғамдық пікір ғана туғызбауы керек, ол сонымен қатар адамдардың бірегейлігіне, қоғамдық құндылықтарына ықпал етуі қажет», - деді Бауыржан Байбек.

Айта кету керек, Алматыда XV Еуразиялық медиа форум өз есігін ашты.  Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына  60-тан астам елден 500 делегет қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелерінің қатысуымен Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, әлеуметтік мәдени мәселелерін талқылау. Форумның алғашқы күні шеберлік дәрістері басталды.

Әркім ұялы телефоны арқылы бүкіл әлемге хабар таратып, медиа саласының белгілі өкіліне айналып кетуі ғажап емес. Форумның үш күндік талқылауын қорытындылай келе, ақпарат ағымы дамыған заманда қарапайым жұртшылықтың ақиқат пен жалғанды айырып, өзіне қажетті таза ақпаратты табуы үшін, мәдениетін көтеруіміз қажет деген байламға келді. 
Форумның соңында қатысқан, өтуіне ат салысқан барша жандарға естелік сый таратылып, қызықты суреттерге түсті. Форумдағы ақпараттар көптің көкейіне сұрақтар ұялатып, көпшілігіне медиа саласында сапалы дүние жасауға үміт сыйлады. 
Әлемдегі әр түрлі мәселелерді шешуге келгенде әркімнің пікіріне ілеспей, өзіңнің ішкі сыбырыңа үңілуің қажет. Ол ішкі тазалыққа байланысты көрініс береді. Әрбір ақпараттың бастау қайнарында тазалық тұратын болса, әлем де өз нұрына, бастау нүктесіне қайта оралатыны анық. Әр ұлттан, әлемнің түкпір-түкпірінен келген медиа саласының үздіктері бір үйдің баласындай болып форумды өткіздік. Форум соңында әр адаммен жеке-жеке естелік фотосуреттер жасап, пікірталасып, сырласып, ойларын ортаға салып, болашақта жақын достар ретінде араласуға уәде беріп тарады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір