• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:54:26
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 Оқиғалар

Батыста жаңа босанған аналар өз ұрықжолдасын жеуді сәнге айналдырды (видео)

Жаңа босанған батыстың Ким Кардашиан және Колин Руни сынды танымал әйелдері өз ұрықжолдасынан жасалған таблетканы жеуді сәнге айналдырды.

Жаңа босанған батыстың Ким Кардашиан және Колин Руни сынды танымал әйелдері өз ұрықжолдасынан жасалған таблетканы жеуді сәнге айналдырды,-деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sky News-ке сүйене отырып жазады. Бұл әйелдердің ойынша, жолдас денсаулыққа пайдалы көрінеді. Бірнеше компаниялар ұрықжолдасты кептіріп, оны ұнтаққа айналдырып капсула түрінде сатуды қолға алған.

Алайда дәрігерлер бұл әдістің денсаулыққа нақты пайда әкеле алатындығына күмәнданып, керісінше, «жаңа босанған аналардың саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін» деп отыр. Мәселен, Вена медициналық университетінің дәріскері Джордж Алекстің айтуынша, қазіргі кезде көптеген аналар өз ұрықжолдасын қайтарып беруді сұрайды екен. «Олар нақты тексерілмеген, дәлелденбеген, жалған ақпараттарға сенуде»,- дейді ол.  

eumom

«Дегенмен, ұрық дамыған қабықта пайдалы ақуыздар бар, бірақ оның мөлшері тым аз. Сондықтан, ұрықжолдасты жемей-ақ, дәрумендерді қолдана беруге де болады»,- деді Джордж Алекс. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір