• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:04:06
Алматы
+35°

17 Қазан, 2017 NEWS

Батыс Қазақстанда мектеп оқушысына қасқыр шабуылдаған

“Ол қораға кіргенде қасқырды көрген.  Алайда оны ит  деп ойлаған"

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Талдықұдық ауылында 14 қазанда  8-сынып оқушысына қасқыр шабуылдаған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой Город-қа сілтеме беріп хабарлайды.

 14 қазан күні таңертең бала қойлар тұрған қораға кірген. “Ол қораға кіргенде қасқырды көрген.  Алайда оны ит  деп ойлаған. Жыртқыш күтпеген жерден балаға шабуылдаған. Бала төбеге шығып үлгеріп өзін құтқарып қалаған”, – дейді әкім орынбасары Зәйлім Мәжитова.

Бала ересектерді көмекке шақырған. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, сағат 8:40-та ол Жалпақтал аудандық ауруханасына жеткізілген. Балаға құтыруға қарсы дәрі егілді. Қасқыр баланың оң жақ санын тістеп үлгерген екен. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы қанағаттанарлық. Зәйлім Мәжитованың сөзінше қасқырды жергілікті тұрғындар атып тастаған. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір