• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:05:24
Алматы
+35°

12 Сәуір, 2018 NEWS

Батыс Қазақстан тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр

Батыс Қазақстан облысында қар күрт еріп, ауыл тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр.

Батыс Қазақстан облысында қар күрт еріп, ауыл тұрғындары мектепке қайықпен барып жүр, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Мой ГОРОД басылымының дерегін негізге ала отырып. 

Видеоны Тасқала ауданының ауыл тұрғыны түсіріп жіберіпті. Мектепке апаратын жолды су алып кеткен. Қайықта отырған ер адамның айтуынша, бұл Чижа-2 ауылындағы Бельский көшесі. 

«Мектепке қайықпен барамыз», — дейді ер адам.

Тасқала ауданы әкімі Санжар Әлиевтің айтуынша, қар күрт еріп, көшенің біраз бөлігін су алып кеткен. Мектепке жаяу жетуге де болады екен. 

Ауылдағы үйлерге су кірмеген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір