• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:51:31
Алматы
+35°

17 Шілде, 2018 Аймақтар

Батыс Қазақстан облысында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлін талқылады

Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті.

Әлия Ғалымова Батыс Қазақстан облысының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесу өткізді

Азаматтық сектор Қазақстандағы отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы негізгі серіктес болып табылады.

Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Орал қаласында өткен «Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-лардың гендерлік саясатты жүзеге асырудағы өзара іс-қимылы. Аймақаралық ынтымақтастық тәжірибесі» атты халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Конференцияда қоғамды дамытуда әйелдердің рөлі, мемлекеттік органдардың және үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық сананы жаңғырту контекстінде отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асырудағы өзара іс-қимылы талқыланды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-құрылымдардың өкілдері, Ресей Федерациясының Орынбор, Саратов, Самара, Волгоград және Астрахан облыстарының делегациялары қатысты.

Әлия Ғалымова өз сөзінде азаматтық қоғам гендерлік және отбасылық саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудағы негізгі серіктес екенін атап өтті.

«2017 жылғы мәліметтерге сәйкес, азаматтық қоғам мен мемлекеттің институттары арасындағы қатынастарды оң бағалайтын халықтың үлесі 61,3% -ды құрады. Әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері мемлекет пен азаматтық сектор арасындағы серітестік деңгейі жоғары екенін көрсетеді. Азаматтық қоғамның белсенді институттарының бірі үкіметтік емес ұйымдар болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстанның 14315 ҮЕҰ-ының 500-ден астамы әйелдер ҮЕҰ болып табылады», - деді Ә.Ғалымова,

Спикердің айтуы бойынша ауылдық жерлерде әйел көшбасшылығын дамытатын бизнес-оқытулар, қайта даярлау курстарының жетіспеушілілігі байқалып отыр. Сондай-ақ, спикер гендерлік саясат саласы мен тұрмыстық зомбылықтың алдын-алуға бағытталған әлеуметтік жобаларлардың саны азайғанын атап өтті.

Мысалы, егер соңғы 3 жылда көрсеткіш жалпы жобалар санының 5% ын құраса, (барлығы 302 жоба: 2015 ж. – 90, 2016 ж. – 88, 2017 ж. -124), өткен жылы ол 3,9% құрады (90 жоба).

Батыс Қазақстан

Спикер әйел адамдарды ілгерілетудің институционалдық механизмдерімен бірге гендердік теңдікке қатысты тәжірибеге зерттеу жұмыстарын енгізуді ұсынды. Оның ойынша, аталған институттар гендерлік теңдік пен балалар мен әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлықты жою мәселелерін дамыту бойынша нақты механизмдерді енгізу қажет.

А.Галимова ҮЕҰ әлеуетін ұзақ мерзімді жобаларға тартудың, , оның ішінде ерте жүктіліктің алдын алу, аулдық жердегі әйелдерді қолдау, тұрмыстық салада әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтарды болғызбау секілді гендер саласындағы маңызды жобаларды кеңейтудің маңыздылығына да тоқталды.

Сонымен қатар, Азаматтық қоғам  комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірлік үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өзара іс-қимылы саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Оның ішінде, облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың материалдық-техникалық қамтылуы және облыста әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ, сапар барысында А.Ғалымова «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық кеңсесінде болып, іске асырылған және жоспарланған жобалармен танысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір