• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Мамыр, 20:28:06
Алматы
+35°

16 Маусым, 2018 Аймақтар

Батыс Қазақстан облысында «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық байқауының аймақтық кезеңі қорытындыланды. Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келеді. Салтанатты шараға арнайы келген облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов отбасылық құндылықтарды дәріптейтін байқаудың маңыздылығын атап өтті.

Бақытты отбасы

- Отбасы-шағын мемлекет. Кез келген қоғамның іргетасы-отбасы екендігі белгілі. Сондықтан отбасылық құндылықтарды жастардың санасына сіңіру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі. Елбасымыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасында салт-дәстүрімізді жаңғырту қажеттігіне айрықша көңіл бөлген. Ал қазақ халқының отбасы діңгегі әркез мықты болған. Сондықтан ел ішіндегі үлгілі, өнегелі отбасыларды өзгелерге үлгі етіп насихаттау-біздің басты міндеттеріміздің бірі, - деп сөзін сабақтаған  Ғабидолла Абдоллаұлы  байқау жеңімпаздарына дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Облыстық байқаудың қортындысы бойынша үшінші орын жәнібектік Бисенғалиевтер, екінші орын зеленовтық Имашевтар, бірінші орын Қазталовтық Ерекешовтер  отбасына бұйырса, бас жүлдені оралдық Алмағамбетовтар отбасы иеленді. Жеңімпаз отбасы қыркүйек айында елордамыз Астана қаласында өтетін байқаудың гранд-балына қатысады.

«Ақ Отау» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алтынай Есқалиеваның айтуынша, байқаудың облыстық кезеңіне 26  отбасы  қатысты.

-Жеңімпаз, жүлделі орындарға қоса, әр отбасыға түрлі аталымдар мен бағалы сыйлықтар берілді.  Жыл сайын байқауға қатысуға ниет білдірушілердің қатары  көбейіп  келеді. Бұл жолы байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған  оралдық Алмағамбетовтер отбасы  бір-біріне деген ерекше құрметімен, толеранттылығы, еңбексүйгіштігі, үш тіл білетіндігімен ерекшеленеді, -дейді ол.

Салтанатты шарада байқауға қатысушы барлық отбасылар түрлі аталымдармен марапатталды. Олардың қатарында «Еліне еңбегі сіңген» аталымымен қаратөбелік Қазиевтер отбасы, «Жас ұрпаққа үлгі етер отбасы» аталымымен зеленовтық Табылдиевтер отбасы, «Өнерлі отбасы» аталымымен марапатталған  ақжайықтық Бейловтер отбасы бар.

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ,

«Орал өңірі»

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір