• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 18:47:06
Алматы
+35°

20 Мамыр, 2018 Аймақтар

Батыс Қазақстан облысында Астана күндері өтті

Делегация алдымен Орал қаласын­дағы «Стекло-Сервис» ЖШС-да болды.

Кеше Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев бастаған делегация мүшелері облыстағы бірқатар өндіріс орындарын аралап, кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты. Өңіріміздегі Астана күндері аясында өткізілген пресс турда елордалық қонақтарды облыс әкімінің бірінші орынбасары Игорь Стексов бастап жүрді.

Делегация алдымен Орал қаласын­дағы «Стекло-Сервис» ЖШС-да болды. Айта ке­тейік, шыны өңдеуге және жо­ға­ры сапалы әйнек пакеттерін өн­ діруге маманданған «Стекло-Сервис» ЖШС өңірдегі ірі өнді­ріс ошағы болып саналады. 1999 жылдан бергі уақыт ішінде ша­ғын шеберханадан ірі әйнек өң­деуші орталыққа айналған бұл кәсіп­орын бүгінде құрылыс ком­пания­лары мен кәсіпорындары арасын­да айтарлықтай беделге ие. Сонымен қатар компания үде­мелі индустриалды-инновация­лық бағдарлама шеңберінде «Термо мықтылығы күшейтілген әйнек өн­дірісі» жобасын іске асыруда. Бүгінде компания финдік «TamGlass» фирмасының құрал-жаб­ ды­ғын орнатып, шыдамдылығы мықты әйнек өндіреді. 700 гра­дус шамасындағы оттың қызуына шыңдалған әйнек әдеттегі қа­лыпты жағдайынан 5-7 есеге мық­ты болады. Әрі құрылысқа пайдала- нылатын мұндай әйнек сынған кезде де қауіпсіз, яғни өткір бол- майды, түйіршік түрінде ыдырай- ды. Сондай-ақ серіктестікте жа­рық диодты көпқабатты, флоат, тер­мооқшаулағыш және өзге де әйнек түрлері өндіріледі. Бұдан соң астаналық делега­ция «Орал сауда-өнеркәсіп ком- паниясы» ЖШС-ның жұмысымен та­нысты. Аталған серіктестіктің жо­ ғары өндірістік әлеуеті бар, заман көшіне ілесе алатын кәсіпорын ретінде танылғанына 15 жылдан астам уақыт өтті. Қазіргі уақытта компания жайма табақ, металл жабын, металл құрастырма, по­лиэтилен құбырлары, пластмасса­ дан халық тұтынатын тауар түр­­ле­ рі, қабырғалық сэндвич-панель, техника қауіпсіздігі бойын­ша жә­не жол белгілері өндірісіне ма­ манданып алды. Елордалық қонақтар оралдық «Батыс-Продукт» серіктестігінде де болды. Бүгінде бұл кәсіпорын кондитер өнімдерін ішкі нарық қана емес, сонымен бірге Ресей- ге де шығарып отыр. Бұл туралы кәсіпорынның қаржылық дирек- торы Евгений Попков мәлім етті. Оның айтуынша, басты мақсат – қазақстандық тұтынушыларды сапалы өніммен қамтып, импорт­ тық көлемді төмендету. Бұл ретте мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау-көмек өндірісті жаңғыр­ту­ға септігін тигізді. – Бұл кәсіпорынның іске қо­сылғанына жеті жылдай уақыт болды. Осы уақыт ішінде кәсіп­ орын­ның өндіріс ауқымы өсіп, се­ріктестік аясы кеңейді. Соңғы жыл­дары заманауи, жаңа құралжабдықтар қойылып, солардың тілін меңгерген жас мамандар жұмысқа алынды. Бүгінгі таңда өнімдеріміз өз облысымыздан өз­ге еліміздің Семей, Өскемен қа­ лаларына, Ресей елінің Сама- ра, Тольятти, Челябинск, Қазан, Нижний Новгород шаһарларына жөнелтіледі. Кәсіпорын тәулігі­ не 2,5 тонна тәтті тоқаштар мен вафли өндіруге қауқарлы. Біз өз өніміміздің сапасына көп көңіл бө­леміз. Сондықтан да біздің та­ уарымызға деген сұраныс мол, – дейді Евгений Попков. Сондай-ақ астаналық делегация өңірдегі «Агран» ЖШС, «Желаев нан өнімдері комбинаты» АҚ сынды тағы басқа ірі өндіріс орындарын аралап көрді.

– Біз Астана қаласының 20 жыл­дығына орай сәрсенбіде Батыс Қазақстан облысына келдік. Мереке аясында ұйымдастырылған бірқатар шаралардың куәсі болудамыз. Бұл жұмыс сапары­мыз­ дың басты мақсаты 20 жыл уа­қыттың ішіндегі Астананың жеткен жетістіктерін паш етіп, басқа өңірлердегі атқарылған игі іс­тер­ді көріп, тәжірибе алмасу болатын. Бүгін Орал қаласындағы бірқатар өндіріс орындарын ара­ладық. Өзіме шыны өндірісі, плас­ тикалық құбырлар өндірісі өте қат­ты ұнады. Болашақта Астана мен Батыс Қазақстан арасындағы әріптестік қарым-қатынас одан са­йын нығайып, қоян-қолтық жұ­мыс жасайтын боламыз, – деді Астана қалалық инвестициялар жә­не даму басқармасы басшысы­ның орынбасары Ерлан Бекмырзаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір