• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:04:14
Алматы
+35°

15 Қараша, 2017 Спорт

Батыр Жүкембаев Сондерс пен Лемье бокс кешінде жұдырықтасады

Бұл кездесуде Жүкембаевқа қарсы 22-жастағы америкалық боксшы Уилберт Лопес шығады.

Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев 16 желтоқсанда Лавал қаласының «Place Bell» аренасында өтетін бокс кешінің андекартында шаршы алаңға шығады. Бұл туралы  vesti.kz хабарлады.

Сол кештің басты жекпе-жегінде орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс пен IBF нұсқасы бойынша экс-чемпион, канадалық Дэвид Лемье қолғап түйістіреді.
Бұл кездесуде Жүкембаевқа қарсы 22-жастағы америкалық боксшы Уилберт Лопес шығады. Уилберт кәсіпқой бокста 28 кездесу өткізіп, оның 20 жекпе-жегінде жеңіске жеткен және 8 рет жеңіліс тапқан.
Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев (10-0, 9КО) осы жылдың сәуір айында мексикалық Косме Ривераны техникалық нокаутпен жеңіп, «IBO international» белбеуіне ие болған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір