• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:54:09
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 Аймақтар

Баталов: «Биылғы жылы ет экспортының жоспарын орындау – басты міндет»

Бүгінде өңірде 51 мың бас ірі қараға арналған 78 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ендігі басты міндет – ет экспортының жоспарын орындау

Алматы облысында мал шаруашылығы тұрақты дамып, 2017 жылы «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы 147%, «Алтын асық» - 159, «Құлан» - 127% орындалды. Осының барлығы мал басының орта есеппен 3,5%-ға  өсуіне мүмкіндік беріп, ауыл азаматтарының жыл бойы жұмыспен қамтылуына ықпал етті. Бұл туралы облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынындағы баяндамасында айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

қамшы

қамшы

Облыс басшысының айтуынша, бүгінде өңірде 51 мың бас ірі қараға арналған 78 мал бордақылау алаңы жұмыс істейді. Ендігі басты міндет – ет экспортының жоспарын орындау.

қамшы

«Биылғы жылы ирандық «Империя Фуд» компаниясының ет өңдейтін кешенін іске қосу арқылы бұл міндетті орындайтын боламыз. Кешен жобалық қуатына сай жылына 8 мың тонна дайын өнім шығара алады. Биылғы жылдың өзінде шет елдерге 700 тоннаға дейін ет экспорттауды жоспарлап отырмыз», - деді А. Баталов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір