• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:50:43
Алматы
+35°

02 Қаңтар, 2018 Айтты-ей, бауырың!

Басыңа күн туғанда он екіден айырылма...

Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма

1.Жағаласпай жан қалмақ қайда,төбелесте жаныңнан айырылма;
2.Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырылма;
3.Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
4.Тіл- кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
5.Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма;
6.Өзіңді зор,басқаны осал деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма;
7.Жаман деп қатыныңнан, көшем деп отыныңнан айырылма;
8.Ырызғысыз пенде болмас, даяр асың- малыңнан айырылма;
9.Ағайын, туыс, дос- жарансыз кім бар. Болымсызға өкпелеп, досыңнан айырылма;
10.Қырық найза адам көргісіз соқыр түн деп, қарақудай баспанаң- қосыңнан айырылма;
11. Пенде жан серігі- бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма;
12.Өте шығар сұм жалған, боқшылыққа қайырылма. Адам күні адаммен оңалмақ, өнерпаз деген ат алсаң, өлсең дағы қайғырма;

Бауыржан Момышұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір