• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:30:32
Алматы
+35°

13 Қазан, 2017 NEWS

Бас имамды намазға үйреткен азамат 100 мың теңге айыппұл төлейді

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғыны Шолпан ауылындағы мешітке келіп, бас имамға шағымдануын бастаған.

Мешіттің ішкі тәртібін бұзған азаматқа сот діни әрекеттерге кедергі жасағаны үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының тұрғыны Шолпан ауылындағы мешітке келіп, бас имамға шағымдануын бастаған. 48 жастағы белгісіз ер адам мешіттің ішкі тәртібінің дұрыс емес екенін және оқылған дұғаларды қате деп көрсетеді. Тәртіп бұзушыны сабырға шақыру әрекеттері жасалғанымен, сәтті болмады. Осыған байланысты Үржар аудандық соты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабының 2-бөлігінде «Заңды діни қызметке кедергі келтіру» бойынша әкімшілік іс қозғады.

Сот барысында айыпталушы өзінің кінәсін мойындамады. Ал бас имам өз жұмысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңесі мақұлдаған мешіттің ішкі ережелерін басшылыққа алғанын түсіндіріп бақты. Сонымен қатар, имам тәртіп бұзушы азаматтың ережесін сақтамай, өздігінен намаз оқып жатқанын да айтып өткен.

Соттың шешімі бойынша Үржарлық айыпталушы кінәлі деп танылып, 50 АЕК (113,450 теңге)

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір