• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:39:13
Алматы
+35°

19 Маусым, 2018 NEWS

Бас прокуратура пойыз апатына қатысты машинистің ұсталғанын жоққа шығарды

"Мұны кім таратты? Бұл жалған ақпарат. Машинисті тергеген соң жібере салды.Бұл деген үлкен қылмыстық іс. Қазір сараптама жүріп жатыр",-деді министр.

Жамбыл облысындағы аударылған пойыздың машинисі ұсталмаған, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таралып кеткен ақпарат жөнінде ресми мәлімдеме жариялады.

"Бүгін түрлі ақпараттық агенттіктерде «Астана-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызы локомотивін басқарған машинисті полиция ұстағандығы туралы шындыққа сай келмейтін ақпарат жарияланды.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде және оның барысында ұстау жүргізілмегендігін ресми түрде хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар хабарламада, орын алған теміржол оқиғасына қатысты инвестициялар және даму министрлігі жанынан арнайы комиссия құрылғаны айтылған.

ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов  сейсенбідегі үкімет отырысынан кейін журналистерге сұхбат беру барысында машинистің ұсталу дерегіне байланысты пікір білдірді. 

"Мұндай мәліметті кім таратты? Бұл жалған ақпарат. Машинисті тергеуден соң босатты. Бұл деген үлкен қылмыстық іс. Қазір сараптама жүріп жатыр", - деді министр. 

Естеріңізге сала кетейік,  17 маусымда сағат 13:25 шамасында Сары-Шаған - Шу станциясында Астана-Алматы бағытындағы жолаушылар пойызының 8 вагоны рельстен шығып кеткен болатын. Нәтижесінде бір жас өспірім қаза тауып, 24 адам жараланды. Қаза тапқан 12 жастағы баланың денесі туған жеріне жеткізілді. Алексей Мельнев Қарағанды облысында бүгін жер қойнына тапсырылады. Ал апаттан зардап шеккен тағы бір жолаушыға кеше ота жасалды. 48 жастағы Астана тұрғынының халі қазір жақсы. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір