• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 00:27:47
Алматы
+35°

10 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Бас мүфти: Қазір көп ғалым өз ғылыми жұмысының жауабын Құраннан тауып жатыр

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Құран қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны жайлы айтып өтті

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Әзірет Сұлтан» мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, «Құранның өмірлік қағидалары» тақырыбында ғибратты уағыз айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі muftyat.kz мәліметіне сүйеніп.

Бас мүфти уағызында Құран – соңғы пайғамбармен кемеліне жеткен ең ұлы дін – Исламның кітабы екенін, сондықтан Ол барша адамзатқа, бүкіл ғасырда әрі барлық ғылыми деңгейде тәлім үйрететіні туралы ойларын пайымды тұжырымдармен жеткізді. 

«Құран адамзатқа аманат. Ол – ғылым мен білім, тәлім-тәрбие. Құран Кәрім – өмірдің барлық саласын қамтыған, адамдарды зұлымдықтан, надандықтан қорғап, жақсылыққа бастайтын кемел кітап. Қазіргі көптеген ғалымдар өзінің зерттеген ғылыми жұмыстарының жауабын осы Құраннан тауып жатқаны да жасырын емес. Өйткені, ғылым болашақ жайлы тұжырым жасамай, тек нәтижелерді ғана айта алады. Ал, Құран таңғажайып мұғжиза ретінде ғасырлар бұрын айтқан анықтамалары ғылымда айна қатесіз орындалып жатыр», деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қасиетті Құран қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны жайлы айтып өтті.

дін

«Адамзатты надандық шырмауынан құтқарып, қараңғылықтан нұрға бастау үшін жіберілген қасиетті Құран Кәрім – жол көсетуші нұр. Құранда нәпсі тәрбиесі, ар-ождан тазалығы, өз-өзіне есеп беру, жанұяны басқару, бала тәрбиесі, әлеуметтік қатынастар, әдептілік қағидалары, адамгершілік нормалары, экономика, жаратылыс заңдылықтары, ғылым салаларының негіздері сияқты көптеген жайттар қамтылған. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады», деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.
дін
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір