• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:49:20
Алматы
+35°

08 Наурыз, 2018 NEWS

Бас мүфти бүгінгі заманның батыр аналарына сый-құрмет көрсетті (фото)

Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият өзінің діни қызметі аясында биылғы жылды «Ислам және отбасы» деп атағанын жеткізді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматыда танымал жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Османмен, филология ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым Айгүл Ісімақовамен, 17 жылда 628 баланы бауырына басқан батыр ана Тұяқ Есқожинамен сұхбаттасып, төл мерекелері қарсаңында сый-құрмет жасады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Кездесуде Серікбай қажы Сатыбалдыұлы мүфтият өзінің діни қызметі аясында биылғы жылды «Ислам және отбасы» деп атағанын жеткізді.

«Құдайға шүкір, бәріміз де ұл-қыз, немере өсіріп отырмыз. Олардың ертеңгі болашағына алаңдаймыз, тәрбиесі үшін қам жейміз. Отанның өзі отбасынан басталады емес пе? Еліміздің жан-жақты дамуы тектілікке тәрбиеленген ұлағатты ұрпаққа тікелей байланысты. Қазір жастарды қазақы дәстүр мен имандылық тұрғысынан тәрбиелеуге көңіл бөліп отырмыз. Зейнеп апа, Айгүл ханым, Асылы апай, Сіздердің жастарға айтып жүрген ақыл-кеңестеріңізді көріп-естіп жүреміз. Қаншама жетім баланы бауырына басып, қамқорлығына алған Тұяқ апаның сауапты ісі ерлікке пара-пар амал деп есептеймін. Сіздер бүгінгі тәуелсіз еліміздің батыр аналарысыздар. Баршаңызға Алла разы болсын. Бәріміздің мақсатымыз бір ғой. Ол – ұлағатты ұрпақ сабақтастығын қалыптастыру», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Жылы жүзді кездесу соңында қоғам қайраткерлері Бас мүфтиге жүрекжарды тілегін жеткізіп, алғыс білдірді.

Бас мүфти

Бас мүфти

Бас мүфти

Бас мүфти

Бас мүфти

Бас мүфти

Бас мүфти

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір