• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:17:57
Алматы
+35°

08 Маусым, 2018 NEWS

"Барлық құстың қанаты бар". Абаев "Рухани жаңғыру" логотипіне қатысты айтты

Министр мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі зор екеніне баса назар аударды.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Рухани жаңғыру» логотипі аясында туған дауға байланысты жауап берді.

Министрдің сөзінше, логотип Қазақстан Республикасының мемлекеттік туынан алынған. Әрі осы уақытқа дейін «Рухани жаңғыру» логотипінің француздық компанияның логотипіне ұқсастығы туралы ешкім шағымданбаған.

"Логотип плагиат" деп ешкім шағым түсірген жоқ. Екіншіден, барлық құстың бірдей екенін, бәрінде қанат бар екенін түсінуіміз керек", - деді Дәурен Абаев.

Әрі министр мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі зор екеніне баса назар аударды.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыруға "Рухани жаңғыру" жобалық кеңсесі жауапты. Онда ақпарат министрлігімен қоса барлық мемлекеттік орган кіреді. Сол себепті бағдарламаны жүзеге асыруда бәріміздің жауапкершілігіміз зор", - деді Абаев.

Сонымен қатар, ол логотиптің өзгермейтінін де мәлімдеді.

Рухани жаңғыру

Айта кетейік, интернет желісінде «Рухани жаңғырудың» логотипіне қатысты дау туындап, оны француздық ұйымның суретімен салыстыра отырып, желі қолданушылары біршама сынның астына алған болатын.

Кейін логотипке қатысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз пікірін білдірді.

«Менің ойымша, бұл логотиптен біз ұялмауымыз керек. Эмблема адамдарға рух сыйлап, жігерлендіреді. Өздеріңіз көргендей, суретте жүз пайыз сәйкестік жоқ. Мен өзім көрдім. Кейбір жерлерінде ұқсастықтар бар, әрине, дегенмен түстері әр түрлі. Бұл мәселеде біреуді плагиат жасады деп айыптау дұрыс емес деп санаймын», - деген еді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір