• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:37:35
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 Саясат

Бақытжан Сағынтаев: Жолдауда айтылған сынды соңғы ескерту деп білу керек

Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білу керек

Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білу керек. ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Президентінің өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде Жолдауда айтылған сынына қатысты осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме беріп Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Еске сала кетсек, 10 қаңтарда Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы жарияланған болатын. Құжатта белгіленген 7-міндетте (Адами капитал - жаңғыру негізі) Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысы кемшін түсіп жатқаны айтылған еді. «Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды. Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсіп бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», - делінген Жолдауда.

Бүгін өткен Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев осы мәселеге баса назар аударудың қажеттігін қадап айтты. «Елбасының Жолдауында айтылған сынды бәріміз үшін соңғы ескерту деп білуіміз керек. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ғана жұмысты соңына дейін атқармай жатыр демей, өңірлер де бұл жұмысқа атсалысуы керек. Бұл, барлығымыз - Үкімет те, өңірлер де, әкімдіктер де атқаратын кешенді жұмыс. Сондықтан, министр Тамара Қасымқызы, айтқан ұсыныстардың барлығын жеке қарастыруға тиіспіз. Тамара Қасымқызы, керек болса ай сайын менің жұмысымның деңгейінде бұл шаруаны жүргізетін болайық. Министрлікпен бірге, жеке блокта өңірлердің де есебін тыңдайтын боламыз», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Премьер-Министр сонымен бірге, бұл жұмысты 2018 жылдың соңына дейін жеткізу керектігіне тоқталды. «Мемлекет басшысы маған: «Егер цифрландыру саласында жұмыстың бір бөлігін мерзімінен бұрын аяқтасаңыздар, міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін енгізуді 2020 жылға дейін күтпей-ақ қоюға болады. Уақытынан бұрын бастай беруге болады» деген болатын. Демек, біздің бұл бағыттағы жұмысымыздың аяқталуын МӘМС күтіп отыр. Негізгі жұмыс бойынша көмектесуге тиіспіз. Барлық күшті салып, биыл өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өзекті мәселелерін шешуге күш салуымыз керек», - деп түйді Сағынтаев. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір