• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:00:07
Алматы
+35°

23 Қараша, 2017 Саясат

Бақытжан Сағынтаев цифрландыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді

Кездесу барысында «ЭКСПО-2017» нысандары базасында Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

22 қарашада Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен цифрландыру жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz порталына сілтеме жасап.

Кездесу барысында «ЭКСПО-2017» нысандары базасында Astana Hub халықаралық стартаптар технопаркінің қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан өзге «электронды үкіметті» дамыту шаралары, соның ішінде электронды форматта ұсынылатын мемлекеттік қызметтер тізімін кеңейту және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру тетіктері қаралды.

Айта кетсек, аталған бағдарламаны президентке алғаш таныстырғанда: «Бұл еліміздің технологиялық тұрғыдан дамуына тың серпін беріп, 2050 жылы дамыған 30 мемлекеттің қатарына кіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Аталған бағдарламаны жасау барысында Үкімет тарапынан ғаламдағы сын-тегеуріндер мен мүмкіндіктер ескерілді. Осыған байланысты 2 бағыт анықталды. Біріншіден, цифрландыру процесінің тұрақты болуы үшін инновациялық дамуды қамтамасыз ететін ұзақ мерзімдегі инститтуттарды құру. Екіншіден, бағдарламаның ойдағыдай жүзеге асуы үшін нақты секторды нақты жобалармен қамтамасыз ету. Осы орайда Үкімет жеңілдетілген цифрландыру стратегиясын таңдады. Ол 9 негізгі секторда жүргізіледі. Сонымен қатар, энергетика, шикізат және АӨК, өндіріс, логистика салалары мен ақпараттық технологиялар орталығына басымдық беріледі», - деген болатын ҚР Премьер-министрі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір