• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 02:23:13
Алматы
+35°

12 Маусым, 2018 Саясат

Бақытжан Сағынтаев шенеуніктерді сынға алды

Республикалық нысандардың құрылысына 275,5 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері қаражаттың тек 15 пайызы, яғни 42,2 миллиард теңге ғана игерілген.

Премьер-министр Бақыт Сағынтаев бюджет қаражатын игермеген басшыларды  сынның астына алды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет отырысындағы қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндамасына сәйкес республикалық нысандардың құрылысына 275,5 миллиард теңге бөлінген. Жыл басынан бері қаражаттың тек 15 пайызы, яғни 42,2 миллиард теңге ғана игерілген.

«Бақыт Түрлыхановтың есебіне сәйкес, барлық мәселе құрылыста болып тұр. Бес ай ішінде тек 42 миллиард теңгені игергенбіз. Уақыт өтіп барады, маусымның аяқталу мерзімі жақындап келеді. Қазан айында күн суытады, құрылыс мәселелерін шешу қиындай түседі. Демек бізге ол өаражатты ұстап отырмай, үкіметке қайтарып беру керек. Бізге басқа министрлерден қаражатты мақсатты түрде жұмсауға ұсыныстар түсіп жатыр», - деді Сағынтаев үкімет сағатында.

Сонымен қатар, Сағынтаев визит-орталығының құрылысына байланысты мәдениет министрлігін сынға алды.  Осыған дейін туристерге қажетті инфраструктураның барлығы, кафе, шеберхана, конференц-зал қарастырылған орталықтардың құрылысын Қазақстан бойынша жүргізу жоспарланған болатын.

«Мәдениет министрлігі визит орталықтың құрылысын бастағанша, туристік маусым өтіп кетеді. Байқау әлі өткен жоқ. Жобалық-сметалық құжаттар дайын емес. Онда неге ақшай сұрайсыздар? Ауыл шаруашылығы, қаржы министрлігінде де дәл осындай мәселе. Демек бөлінген қаржының бәрін алып басқа салаға бөліп беру керек. Бәрібір ешқандай нәтиже жоқ», - деп ызаланды министрлер кабинетінің төрағасы.

Премьер министр, сонымен қатар, халықаралық банктермен келісім жүргізудің ұзаққа созылып кеткеніне ашуланды.

«Жеңіс Махмұдұлы (инвестиция және даму министрі), мұнда Дүниежүзілік банкпен несие бойынша келісім мемлекеттік органдардың келіссөздерінде қаралып жатыр деп жазылған. Ислам банкімен де осындай жағдай. Мұның бәрі қашан аяқталады? Сіздің әріптестеріңіз осы залда отыр. Барлық келіссөздерді жүргізіп болғанша қыс түсетін болды», - деп түйіндеді премьер министр сөзін.

Естеріңізге салсақ, Астанада бүгін әлеуметтік-экономикалық даму және бес ай ішінде үкімет қаржысын игеру қорытындысы бойынша үкімет өтырысы өтті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір