22 Қараша, 2017 Әлем
БАҚ: Түркияда Гүленмен байланысы бар қызметкерлер жаппай қамалып жатыр
Бүгінде 17 күдіктінің ұсталғаны хабарланды.
Түркия Қауіпсіздік күштері Қаржы министрлігінің бұрынғы 82 қызметкерін ұстау операциясын орындау үстінде. Қаржы министрлігінің қызметкерлеріне оппозициялық исламды уағыздаушы Фетхуллах Гүленмен (FETO) байланысы бар деген айып тағылды. Бұл туралы жергілікті NTV арнасы хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Анкара прокуратурасы қамауға ордер берді. Бүгінде 17 күдіктінің ұсталғаны хабарланды. Олар FETO мүшелерінің шифрланған хабарламаларды ауыстыру үшін қолданатын ByLock бағдарламасын пайдаланушылар қатарынан болып шықты.
Еске салсақ, бүлікшілер тобы 2016 жылы 16 шілдеге қараған түні Түркияда әскери төңкеріс жасаған. Қақтығыстардың басы Анкара мен Ыстамбұлда болды. Нәтижесінде 240 түрік азаматтары қаза тауып, 2 мыңға жуық адам жараланды. Бүліктен кейін Түркияда 50 мыңға жуық адам қамалып, 140 мың мемлекеттік қызметкер жұмыстан қуылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір