• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 03:15:40
+35°

12 Қаңтар, 2018 Әлеумет

БАҚ мониторингі үшін Абаевтың министрлігіне 1,7 млрд теңге бөлінді

«Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторинг» жүйесін құру мақсатында республикалық бюджеттен 1,671 миллиард теңге бөлінді.

ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторинг жүйесін өз иелігіне алады. Оны 2018 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Ұлттық ақпараттық кеңістіктің автоматтандырылған мониторинг» жүйесін құру мақсатында республикалық бюджеттен 1,671 миллиард теңге бөлінді.

Жүйе деректердің ірі көлемін өңдеу принциптерінде жұмыс істейтін бірыңғай бағдарламалық-аппараттық кешен болады деп болжануда.

«Жүйені әзірлеу мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделгендей тиісті байқау рәсімдерін орындағаннан кейін жүзеге асады. Жүйені әзірлеудің басты мақсаты «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР Заңының 4-3-бабының 13-1 бөлімінде қарастырылған БАҚ саласындағы өкілетті органның функциясын іске асырудың тиімділігін арттыру», - делінген ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің хабарламасында.

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, бүгінгі таңда мониторинг өкілетті органда тіркелген республикалық әрі өңірлік теле және радио арналарды, баспа мен ақпараттық агенттіктерді, желілік ресурстарды қамтиды. Барлығы шамамен 930 БАҚ. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына нұқсан келтіретін ақпараттарды анықтау үшін әлеуметтік желілер мен Интернет желісінің шетелдік сегментіне мониторинг жүргізіледі. Ақпараттық жүйе құрылған соң БАҚ-ты қамту ауқымы кеңейеді.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір