• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 13:12:37
+35°

20 Мамыр, 2018 Спорт

БАҚ Головкин мен Альварес жекпе-жегінің өтетін орны мен күнін атады

ESPN шолушысы Дэн Рафаэль сұхбатында қос боксшы арасындағы кездесудің өтетін орны мен күнін айтты.

БАҚ қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикандық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жектің өтетін орны мен күнін атады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, қос спортшының командалары арасында аталған жекпе-жекті ұйымдастыру шараларына байланысты келіссөздер жүріп жатыр. Әзірге нақты мәлімет берілген жоқ, алайда спорт саласының белгілі сарапшылары өздерінің нақты болжамдарымен бөлісіп жатыр. 

ESPN шолушысы Дэн Рафаэль сұхбатында қос боксшы арасындағы кездесудің өтетін орны мен күнін айтты.

"Головкин мен Альварестің Лас Вегасқа қайта оралатынына күмәнім жоқ. Бұл кездесу бірінші жекпе-жек болған орында, яғни "T-Mobile" аренасында өтеді",-деді ол. 

Шолушы бокс кешінің 15 қыркүйекті өтетініне сенімді. Бұл күні мексикандықтар өздерінің Тәуелсіздік мерекесін тойлайды. Ал Головкин мен Канело арасындағы бірінші кездесу 16 қыркүйекте өткен болатын.

Қазіргі уақытта Сауль Альварес антидопинг ережелерін сақтамағаны үшін алты айға спорттан шеттетілген. Боксшыны жарысқа қатысу құқығынан айыру уақыты алты айға созылды. Демек тамыз айында Альвареске шаршы алаңға шығуға мүмкіндік туады. Мексикандық боксышының командасы 15 қыркүйекте реванш өткізуге қызығушылық танытып отырғандарын айтқан болатын. 

Головкин мен Альварес арасындағы реванштық кездесу 5 мамыр күні өтуі тиіс еді. Алайда допинг дауына байланысты бұл жекпе-жек кейінге қалдырылды. Қазақстандық боксшы Канелоның орнына американдық Ванес Мартиросянмен кездесу өткізіп, екінші раундта қарсыларын нокаутпен жеңді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір