• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 12:52:28
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2017

Балғын Қайырбектің «Мекенім» әнін белгісіз біреу «Ойғырым» деп орындап жүр

Балғын Қайырбек – Қытайдағы этникалық қазақтар арасында ғана емес алыс-жақын шетелдерге танымал жас жұлдыз.

Балғын Қайырбек деген есім «Қамшы» оқырмандарына жақсы таныс. Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі үздік отыз жас әншінің қатарына кірген, 2010 жылы Пекиндегі ән байқауында алтын медалмен марапатталған, талантты әнші «Қамшы» ұйымдастырған «Қазақ дауысы» байқауының қатысушысы.

«Qamshy.kz» тілшісі әлеуметтік желіде «Ойғырым» деген атпен таралып кеткен әннің Балғын Қайырбектің «Мекенім» әнінің әуенінен ұрланғанын байқады. Монғолиядағы белгісіз бір әнші «Ойғырым» деп айтып жүрген ән жас әнші Балғын Қайырбектің Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтарына арналған әнінің дәл көшірмесі. Балғын Қайырбек – Қытайдағы этникалық қазақтар арасында ғана емес алыс-жақын шетелдерге танымал жас жұлдыз. Жомарттығымен аты шыққан Шолақұлы Баспай бай өткен өңірде туған жігіт туған жерге жиі ән арнайды. «Мекенім» әншінің сондай әндерінің бірі. 

«Ойғырым» деп аталған әннің орындаушысына «Qamshy.kz» тілшісі Ерлан Төлеубай іздеу салады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір