• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 19:33:34
+35°

15 Қаңтар, 2018 NEWS

Баланың туу туралы куәлігін биылдан бастап ұялы телефон арқылы алуға болады

Енді бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады.

Биылдан бастап жаңа босанған аналар сәбиінің туу туралы куәлігін ұялы телефонның көмегімен-ақ ала алады. Сонымен қатар балабақша кезегіне тіркелу, бір реттік жәрдемақы алу мәселесін де SMS хабарлама арқылы шешеді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме беріп хабарлайды.

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясындағы бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде сынақ түрінде жүзеге аса бастады. Енді бала өмірге келісімен, оның ата-анасына SMS-хабарлама арқылы құттықтау келіп, сәбиді тіркеу бойынша мемлекеттік қызметті алу ұсынысы жасалады. Қызылордада проактивті қызмет түрін алғаш пайдаланған аналарды халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары құттықтап, туу туралы куәліктерін тапсырды. Осылайша перзентханадан шықпай-ақ, бір өтінішпен 4 мемлекеттік қызмет түрін пайдалану тәсілін насихаттау шаралары жүруде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір