• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:44:56
Алматы
+35°

16 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Балам озсын, парасатты болып өссін десеңіз

Аты шықпаған қызымыз бен атышулы батыр ұрпағымыз көбейсін!

Ініңіз, ұлыңыз, қарындас-сіңліңіз болашақта беделді, абыройлы һəм сыйлы болғанын қаласаңыз, жақсылап оқыңыз.

Бірінші: тəрбие үйден басталады. Сондықтан үйде жақсы сөз айтып, көңілді сөйлесіңіз. Шылым мен алкогольдың зияны туралы күніне 1 мезгіл құлағына құйып отырыңыз. 

Екінші: балаңыздың бөлмесін компютер, ойыншық, т. б. қажетсіз гаджеттерге толтырмай, қабырғаға əлем картасын іліп, сөрелерді кітаптарға толтырыңыз. Əлем картасы − тұнып тұрған энциклопедия! Қараған сайын баланың əлем тануға қызығушылығы арта түседі. Ол қызығушылығы кітап оқуға итермелейді. Ал кітап − сарқылмас байлық! 

Үшінші: ақшаны керексіз жұмсақ ойыншықтарға шашқанша Алаш көсемдерінің, ұлт мақтаныштарының портретін жасатып, қабырғаға іліңіз немесе шағын альбом, буклеттер жасап беріңіз. Ол кісілердің кім екенін, ел үшін не істегенін, қанша тер төккенін айтудан жалықпаңыз. Бұл оның алдағы уақытта кімге қарап бой түзеп, қандай тұлға болып қалыптасатынына көмектеседі. Жастайынан "бетмен", "супермен", "өрмекші адам", "халктарды" көріп, соларға еліктегеннен əлдеқайда жақсы ғой, солай ма? 

Төртінші: Өзіңізді "супер саясаткер" санап, баланың алдында көсіліп, полицияны, дəрігерді, үкіметті, ұстазды қаралап, жерден алып, жерге салып отыруды доғарыңыз! Қайталаймын, доғарыңыз! Бала жастайынан мұндайды тыңдаса, қоғамға қарсы көзқараспен өседі. 

Бесінші: Балаңыз ойынхана, түнгі клуб соңында кетпесін десеңіз, мегацентр, сауда үйлері, кафе-ресторандарға апарағанша мешіт, кітапхана, мұражай, кесене, мəдени орталықтарға апарып үйретіңіз. Мұндай ортада өскен бала түнгі клубтардан жиіркенетін болады.

Алтыншы: "Олимпиадада неге қазақ баласы жоқ?" - деген сұрақ туындамас үшін сіздерге өтініш: балаңызды үйірмеге беріңіз. Күйген дүние күйіп кетсін! Мейлі, жаңа шубаға ақшаңыз жетпей қалсын, сол ақшаға балаңызға қажетті спорт жабдықтарын әперіңіз. Үйге турник, кір тастарын алдырыңыз! Алдыра алмайсыз ба, үйірмеге бере алмадыңыз ба − "өй, осы қазақтар доп тебе алмайды, өй, қазақтардан түк шықпайды", − деген əңгімені доғарыңыз!

Жетінші: салт-дəстүрді үйретуге, иманын күшейтуге, рухын шыңдауға уақыт бөліңіз! 

Сегізінші: ұлыңыз көшеде төбелесіп келсе, ұрысып, жекірудің қажеті жоқ. Ол бала болған соң бəрібір төбелеседі. "Ой, балам, ол сенен үлкен ғой, сонда да тайсалмаған батырым", − деп рухтандырып, "біреуге өзің тиіспе, тиіссе, намысыңды берме", − деп айтыңыз! Бұл, меніңше, ынжық, рухы əлсіз қазақ жігіттерінің санын азайтады. Рухты жігіттер көбейсе, ешқандай ұлт төбемізге шықпас еді...

Аты шықпаған қызымыз бен атышулы батыр ұрпағымыз көбейсін!
Саналы, салиқалы ұрпақ − ата-ана үшін екі дүниенің де бақыты!

Мақсат Әлиев
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір