• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:09:52
Алматы
+35°

26 қарашада Грузия астанасы Тбилисиде он бесінші «Балалар Евровидениесі» ән байқауының финалы өтеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Жас әртістер EuroClub-та бақтарын сынайды.

Байқау барысында Тбилиси қонақтарына арналған мәдени шаралар өтетін клуб Евровидение қатысушыларына мен жанкүйерлеріне арнап қатысушы елдердің түрлі сауықкештерін, фанаттармен кездесулер өткізіп, танымал әншілерді сахнаға шығарады. Жас қазақстандықтардың мұндай музыкалық шара аясында өнер көрсетуі біздің еліміздің әлемдегі ең ірі ұлттық хабар тарату ұйымы Еуропалық хабар тарату одағына (European Broadcasting Union, EBU) қосылуға қатысты жоспарын жүзеге асырудың алғашқы қадамы болып есептеледі. 

Евровидениеде Қазақстан атынан өнер көрсететін жас таланттың бірі Мұхаммед–Әли Жүгінісов. Ол 14 жасқа енді толса да, халықаралық сайыстардың лауреаты атанған, Грецияда өткен халықаралық "Paradise Holiday" фестивалінің гран-при жүлдегері, Қазақстанның мақтанышы. 11 жасында халықаралық  «Детская Новая волна – 2014» байқауынан 3 орын иеленген, ал 2016 жылы Мәскеуде өткен Игоряь Крутойдың «Битва талантов» байқауында гран-при жеңіп алған.

«Детская новая волна – 2015» байқауында «Гауһар қол» сыйлығын иеленген Данэлия Төлешова да байқауға қатысады. Данэлия осы уақытқа дейін талай мәрте фестивальдерге қатысып,  Валерия, Жасмин, Нюша, Lido сияқты әншілермен қосылып ән айтқан. Ал жақында талантты әнші Украинада өткен «Голос. Діти» музыкалық байқауының қатысушысы атанып, ғаламторды дүр сілкіндірді.    Дэми Ловатоның Stone Cold әнін өте шебер орындап шыққан қыз бала көрермендерді де, қазыларды да таңғалдырды. Қазылар алқасының мүшелері тіпті алғашқы секундтан-ақ орындықтарын бұрып алды. Оның Youtube сайтындағы бейнежазбасы миллионнан астам көрсетілім жинады.

Тағы бір таланттың есімі – Алуа Серікханова – көптеген республикалық байқаулардың жүлдегері.  Сахнаға үш жасынан бастап шыққан. Биыл көктемде Беларусь елінде өткен «Золотые ключи» байқауында бірінші орын алды.

Мария Затварницкая және Мерхат Жылқыбаев та Евровидение аясында Қазақстанның намысын қорғайды. Олар Әлия Назарбаева ұйымдастырған «Бала дауысы» Бірінші Ұлттық балалар ән байқауының жартылай финалына дейін жеткен.
12 жастағы Маша Затварницкая дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернатта вокал және фортепианодан дәріс алады. 13 жастағы Мерхат Жылқыбаев Павлодар облысының «Заря» ауылында тұрады. Мерхат домбыраның құлағында ойнайды және мектептің көңілді тапқырлар клубының мүшесі.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір