• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:13:37
Алматы
+35°

11 Мамыр, 2018 NEWS

Балабақшаға электронды өтініш қабылдау мамырдың 15-нен басталады

Бүгінде Алматы қаласында балабақшаға кезекте тұрған 64 315 бала бар

Бүгінде Алматы қаласында балабақшаға кезекте тұрған 64 315 бала бар. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының Білім басқармасы балаларды балабақшаға электронды түрде кезекке қоюдың шарттарын көрсетті. Биыл 15 мамырдан бастап балабақшаларға кезекке тұру электронды үрде жүзеге асатын болады.

Жаңа автоматтандырылған жүйеге көші салдарынан балабақшаларға кезекке тұру үшін мына сілтемеге өту қажет: balabaqsha.open-almaty.kz

Бұл мемлекеттік қызмет түрін алушылар үшін төмендегідей шарттар орындалуы тиіс:

ХҚКО-дан электронды-цифрлық қолтаңба алып, сол арқылы көрсетілген сілтемеге өтіп өзінің жеке кабинетіне кіреді;

Жеке кабинетінде байланыс номерін немесе электронды поштасын қалдырады. Кейіннен көрсетілген нөмірге немесе поштаға кезегі келгені жайында ақпарат жіберілетін болады;

Қараша және желтоқсан айында туылған балаларды автоматты түрде келесі жылға кезекке қалдырады;

Электронды жүйеде тек бос орындары бар мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар көрсетіледі;

Жолдаманы алудың мерзімі – үш жұмыс күні.

Басымдылыққа қол жеткізу үшін бөлінген уақыттан кейін бос орындар пайда болса, басқару жүйесі барлық үміткерлерге қолжетімділікті ашады.

Жолдаманы алғаннан кейін ата-аналар таңдалған бала-бақшаға бес жұмыс күнінің ішінде хабарласуы қажет.

Қандай да бір мәселелер туындаса 1308, 8 727 338 33 88, 8 727 262 21 15 нөмірлеріне хабарласа алады немесе [email protected] электронды поштасы арқылы байланысқа шыға алады.

Айта кетейік, Алматы қаласының бала-бақшаларында бірыңғай электронды кезекке тұру жүйесі іске қосылған болатын. Egov порталының дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан балабақшалардағы жазба бір апта жұмыс жасамай тұрды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір