• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:54:57
Алматы
+35°

12 Қазан, 2017 NEWS

Бала асырап алғысы келгендер енді электронды кезекке тұрады

Елімізде 27 мың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар

Биылдан бастап бала асырап алғысы келетін ата-аналардың үміткер ретінде электронды тіркеуге тұрып, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың электрондық дерекқоры арқылы іздей алады. Сонымен қатар, тамыз айынан бастап заңды кеңестер ұсынатын заң қызметі құрылды. Орталық мамандары өтініш берген клиенттерге ғана емес, телефон арқылы хабарласқан азаматтарға да бастапқы құқықтық кеңестер береді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар Қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының м.а. Ержан Ерсайынов мәлімдеді.

- Мұндай тәртіпті енгізу балаларды асырап алғысы келетін отбасыларға құқықтық және ұйымдастырушылық көмек пен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде үлкен көмек болады. Сонымен қатар, бұл арқылы біз бала тәрбиелеуде пайда болған кедергілерді уақытылы жойып, баланың интернаттық мекемелерге қайтарылуына жол бермейтін едік. Тағы бір айта кететін жайт, қоғамда жетімдерді жылатпауға және ата-анасының қамқорлығынан айырылмауын алдын алып, өмірлік қиындықтарға душар болған отбасылармен жұмыс жасайтын әлеуметтік патронаж қызметі өз ісін бастады. Бұл процестер қолданыстағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізуді қажет етеді», - деді ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының м.а. Ержан Ерсайынов.

Министрлік өкілінің айтуынша елімізде 27 мың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар. Бұл еліміз бойынша жалпы бала санының 0,5% құрайды. Оның ішінде 21 мың бала (75%) қазақстандық азаматтардың қамқорлығымен асырап алынса, 6 мыңнан астамы (25%) жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 140 мекемеде тәрбиеленіп жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір