Бала асырап алған отбасы: Мұндайды күтпеген едік...

Бала асырап алған отбасы: Мұндайды күтпеген едік...

Ән-күй музыка сайты

Асылдың бүгінгі күні жемісті болды. Асыл нәтижелі күнді күйеуімен әдемі романтикалық кешкі аспен аяқтаймын деп ойлады, бірақ кешке қатысты жоспарының  күл-талқаны шықты. Данияр әріптестерімен компанияның тендерді ұтып алғанын атап өту үшін мейрамханаға барады екен. 

Асыл үйге келді. Қап-қараңғы. Күні бойы үйде ешкім болмағаннан кейін үй қоңыр салқын. Тыныштық... Асыл көңіл-күйін түсірмеуі үшін өзінің сүйікті қуырдағын жасап, дастарханды жайнатып қойды. Кешкі асын ішіп жатып «шіркін балаларым болса, қазір шулап бірге тамақтанушы едік. Тыныштықты баланың сыңғырлаған күлкісі алмастырушы еді» деп ойлады.

Данияр мен Асылдың отау құрғанына биыл 8 жыл толады. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін балалары жоқ. Екеуі талай аурухананың табалдырығын тоздырды. Дәрігерлер екеуінен де еш кінәрат таппады. Бірақ әлі күнге дейін аңсап жүрген сәбиіне жете алмай жүр.

Әріптестері, достары, туыстары Асыл мен Даниярды көре қалса бала туралы сұрап, жарасын тырнайды. Қанша мән бермейін десе де «Уақыт болса өтіп жатыр, тезірек балалы болу керек», «Мансап қуып жүргенде кеш болып жүрмесін» деген секілді ескертулерін айтуды ұмытпайды. Құдды бір Асыл мен Данияр баланы қаламайтын секілді. Кейді істің мән жайын білместен, біреудің жеке өміріне, жеке шаруасына неліктен араласады екен деп ашуланатын кездері де болып тұрады.

Асыл мен Данияр үйленбей тұрып-ақ үлкен отбасы болуды армандады. Көп баламыз болса, қартайғанда балалары мен немерелері жиналғанда үйге сиятындай зәулім үйде тұрсақ деп армандады. 

Асыл мен Данияр қалағандай үлкен үйі бар. Сонымен қатар, сүйікті жұмыс та, айырылмас достар да бар. Тек бала жоқ. 

Күтпеген жағдай

Асыл жұмысындағы Айдананың жүкті екенін біледі. Айдана Асылдан жасанды түсік жасатуға ақша сұраған еді. Асыл мұны құдайдың белгісі ретінде қабылдады. Даниярмен ақылдасып, Айдананың баласын асырап алуға бекінеді. Данияр да бірден келіседі. Жарық дүниені көрмеген баланы өлтіргенше, оны асырап алып, бар мейірімін, махаббатын бергенді жөн көрді. Қабылданған шешімнен кейін Асыл мен Данияр балалы болғандай қатты қуанды. 

Асыл мен Данияр Айдананы үйге шақырып, өз ұсыныстарын айтады. Қомақты сомма ұсынып, баланы дүниеге әкелгенше Айдананы медициналық тексеруден өткізу, жатын орны мен тамағы және т.б қажеттінің барлығымен қамтамасыз ететінін айтады. Тек баланы босанғаннан кейін баладан бас тартатыны туралы қағазға қол қойса болғаны. Айдана ұсынылған сомманы естігенде қалай келісе кеткенін байқамай да қалды. Ол қаржыға өзі армандағандай қаладан пәтер ала алады. Онымен қоса ай сайын өзінің жалақысынан екі есе көп ақша алып отырады. 

Асыл мен Данияр Айданамен заңды түрде келісім шартқа отырды. Айдана олардың үйіне көшіп келді. Жегені алдында, жемегені артында. Қажетті дәрумен, медициналық тексеру барлығы қарастырылған. Айдана кезекті тексеруге барғанда дәрігер оның бір емес, екі емес, үшемге жүкті екенін айтқанда Айдана төбесіне мұздай суды құйып жібергендей күй кешті.

Айдана бастапқы кезде ақшадан айырылып қаламын ба деп қорқып Асыл мен Даниярға бұл жаңалықты айтпады. Үшем екенін білгенде келісім шартты бұзып, өзін далаға қуып шығады деп ойлады. Өзі мұндай жағдайда қайда барып, кімнің есігін сығалаймын, далада қаламын деп қорықты. Бірақ Асыл да, Данияр да Айдананың денсаулығын жіті бақылап отырғандықтан Айдана үшем туралы жаңалықты ұзақ уақытқа жасыра алмады.

Данияр мен Асыл Айдананың үшемге жүкті екенін білгенде бақыттан бастары айналғандай болды. Бірден үш баланың ата-анасы атанатынына шексіз қуанышты еді. Мұндай бақыт олардың түсіне де кірген емес. Асыл мен Данияр үш бірдей шақалақтың өмірін аман алып қалғанына да қуанды.

Көптен күткен қуаныш

9 ай, 9 күн өтті. Көптен күткен үшем дүниеге келді. Асыл мен Данияр шекесі торсықтай екі ұл мен бота көзді қыздың ата-анасы атанды. Бұл Асыл мен Даниярдың өміріндегі ең бақытты күндердің бірі болды.

Данияр бұрынғыдай емес енді үйіне асығып келетін болды. Екеуі арманына жетіп бақытты өмір сүріп жатты.

Асыл мен Данияр Аман, Есен, Тұрсынды ұйықтатқаннан кейін тәтті қиялға беріліп көз алдарына Даниярдың Аман мен Есенмен бақта футбол ойнап, Асыл Тұрсынмен дәмді кешкі ас дайындап жатқанын елестетті. Барлығы құдды бір тәтті түс секілді. 

Бірақ мұнымен жақсы жаңалықтар легі бітпеді. Көп ұзамай Асыл жүкті екенін білді. Мұны Асыл мен Данияр үшемді бауырына басып, асырап алғаны үшін жасалған құдайдың берген сыйы деп түсінді.

Ғажайып

Асыл мен Данияр бүгін дәрігерге тексерілуге барады. Екеуі қобалжып жүр. Асыл мен Данияр жүктілікке, балаға қатысты кез келген нәрсеге асқан жауапкершілікпен қарайды, әркез кобалжиды. Аман, Есен, Тұрсынды күткендегі бақыт, қуанышты қайта бастан өткеріп жатқанына дән риза.

Дәрігердің бүгінге айтқан жаңалығы Асыл мен Даниярды есеңгіретіп жіберді. Асыл үшемге жүкті екен. Отбасы тағы үш адаммен толықпақ. Асыл мен Данияр бұл қуанышты жаңалықты ет жақындарымен бірге атап өтті.

Асыл екі қыз бен бір ұл баланы дүниеге әкелді. Қазір Асыл мен Данияр алты баланың ата-анасы. Екеуі армандағандай көп балалы ата-ана атанды. Мұны олар құдайдың берген баға жетпес сыйына балайды.

Әсем Әлмұханбет

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 7 ай бұрын

    Кудирети кушти Алланын сыйлыгы Асыл мен Данияр бакытты гумыр кешин.

    • 7 ай бұрын

      Керемет👏🏻👏🏻

      • 7 ай бұрын

        Армандар орындалсын деп тилейик..

        1
        Алтайда дауыл кезінде жоғалып кеткен 8 жастағы қыз іздестіріліп жатыр
        24/06 17:19 0 827
        2
        Неке жарамды болуы үшін...
        24/06 14:54 0 459
        3
        Сенат аппаратының бұрынғы жетекшісі Ержан Өтембаев қайтыс болды
        24/06 14:03 0 4588
        Жапонияда жер сілкінісінен жеті мыңдай үй қирап қалды
        24/06 13:27 0 234
        Түрік ұшағы апатты жағдайда Атырауға қонды
        24/06 12:24 0 406

        Таныстырылғандар

        Мен көрген Сарыағаштың «Ақ жайығы»  (сапар естелігі)
        Мен көрген Сарыағаштың «Ақ жайығы»  (сапар естелігі)
        Мен көрген Сарыағаштың «Ақ жайығы»  (сапар естелігі)
        Бұл купе ішінде отырып, зу-зу етіп артымда қалып жатқан далаға қарап ыңылдап айтқан ән сымағым.
        12/06/2018 13:00 0 704
        Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды
        Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды
        Қазақстан Орталық Азия елдерінің жастар кеңесін құру бастамасын ұсынды
        Конференцияға халықаралық ұйымдардың басшылары, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының және ҮЕҰ өкілдері, сарапшылар қатысты
        13/06/2018 10:15 5 317
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        GGG мен "Канело" жекпе-жегінің күні бекітілді
        The Ring мәліметіне сүйенсек, Геннадий бұл жекпе-жектен соң 40 млн доллар көлемінде гонорар алады. Ал Канелоның гонорар көлемі хабарланған жоқ.
        14/06/2018 09:36 0 938
        ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті
        ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті
        ОҚО-да ауыл шаруашылығындағы өнімділікті арттыруға бағытталған семинар өтті
        Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында Қазақстанның аграрлық секторын - экономиканың жаңа драйверіне айналдыру қажеттігін атап өтті
        14/06/2018 11:48 0 388
        Қарағанды облысындағы мектеп директоры мұғалімдерге несие алдырған
        Қарағанды облысындағы мектеп директоры мұғалімдерге несие алдырған
        Қарағанды облысындағы мектеп директоры мұғалімдерге несие алдырған
        Келіншек қол астындағы қызметкерлерінен қарызға ақша алып, оны қайтаруды сұрағандарға жұмыстан шығарамын деп сес көрсеткен
        15/06/2018 10:37 0 751
        Алматыда публицист Нұртөре Жүсіппен кездесу өтті
        Алматыда публицист Нұртөре Жүсіппен кездесу өтті
        Алматыда публицист Нұртөре Жүсіппен кездесу өтті
        Іс-шараның басты мақсаты – Елорданың Қазақстанның дамуына қосқан үлесі мен атқарылған ауқымды істерін жастарға және қала тұрғындарына жеткізу
        15/06/2018 11:48 0 531
        «Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасында «Қоңыр қаз» жобасы басталды
        «Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасында «Қоңыр қаз» жобасы басталды
        «Қазақстан» РТРК «Balapan» телеарнасында «Қоңыр қаз» жобасы басталды
        Басты мақсат - Ұлы дала мұрасын ұрпақ санасына сіңіру
        15/06/2018 14:28 5 970
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Елбасыға Қазан федералдық университетінің Құрметті профессоры атағы берілді
        Қазақстан Президенті Татарстан Республикасымен бірлесе жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде айтты.
        15/06/2018 16:54 5 836
        Бейбіт Қойшыбай. Мемсыйлық жөніндегі комиссия жұмысына наразылық
        Бейбіт Қойшыбай. Мемсыйлық жөніндегі комиссия жұмысына наразылық
        Бейбіт Қойшыбай. Мемсыйлық жөніндегі комиссия жұмысына наразылық
        Үміткердің жеке басының, сүйеушісінің ықпалына жығылушылық басым. Не істеу керек?
        17/06/2018 13:12 0 740
        ОҚО: Жетісай қаласындағы тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде
        ОҚО: Жетісай қаласындағы тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде
        ОҚО: Жетісай қаласындағы тұрғын үйлер модернизациядан өткізілуде
        Жетісай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу жұмыстары жалғасуда
        18/06/2018 15:50 0 671
        Трамп Қытайға "сауда соғысы өршуі мүмкін" екенін ескертті
        Трамп Қытайға "сауда соғысы өршуі мүмкін" екенін ескертті
        Трамп Қытайға "сауда соғысы өршуі мүмкін" екенін ескертті
        Дональд Трамп Қытай билігінің америкалық интеллектуалдық меншік құқығын қорғаудан бас тартып отырғанына наразы.
        19/06/2018 15:08 0 963
        Алматыда саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті
        Алматыда саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті
        Алматыда саясаттанушы Расул Жұмалымен кездесу өтті
        Жиынды Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен «Ел-шежіре» қоғамдық қоры ұйымдастырды
        19/06/2018 16:29 0 552
        Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
        Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
        Шымкенттің бюджеті 183 млрд теңгеге ұлғаяды
        Қалада жаңа 55 мектеп салынады. Қалада жыл сайын 10 мыңға жуық сәби дүниеге келеді.
        21/06/2018 10:54 0 412
        Елбасы оқыған поэмамды елорданың 20 жылдығына тарту етемін!
        Елбасы оқыған поэмамды елорданың 20 жылдығына тарту етемін!
        Елбасы оқыған поэмамды елорданың 20 жылдығына тарту етемін!
        Астана күніне жасайтын қолдан келер бар тартуым – анау-мынау емес, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алғысын білдірген жүрекжарды жырым болмақ.
        21/06/2018 12:50 7 859
        Адамзат тарихындағы үздік он кітап
        Адамзат тарихындағы үздік он кітап
        Адамзат тарихындағы үздік он кітап
        Төртінші орында Генри Джеймстің «Женский портреті», бесінші орында Джозеф Канрадтың «Сердце тьмы» романы тұр.
        24/06/2018 11:45 0 292