• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 08:24:17
Алматы
+35°

12 Мамыр, 2018 NEWS

Бағдат Мусин қызметінен босатылды

Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы Бағдат Мусин қызметінен босатылды. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Мусин Бағдат Батырбекұлы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Сонымен қатар, Қайрат Жақыпбаев Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басшылығына тағайындалғаны хабарланды.  35 жастағы Бағдат Мусин бұл орында 2017 жылдың қаңтарынан істеп келді. 2014-тен 2017 жылға дейін ол "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір