• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:06:20
+35°

18 Мамыр, 2018 NEWS

Баc прокурордың әпкесі лауазымды қызметке тағайындалды

Жаңа ректорды ұжымға таныстыру үшін Астанадан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің өзі Шымкентке арнайы барады деп жоспарланып отыр.

Шымкенттегі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне жаңа ректор болып бас прокурор Қайрат Қожамжаровтың әпкесі Дария Қожамжарова тағайындалған. Бұл туралы zhasalash.kz сайты хабарлады.

Сайттың дерегіне сүйенсек, министрдің бұйрығы шығып қойған. Алайда Дария Қожамжарованың ОҚМУ-ға ректор болғаны туралы әзірге ресми ақпарат таралған жоқ. Жаңа ректорды ұжымға таныстыру үшін Астанадан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің өзі Шымкентке арнайы барады деп жоспарланып отыр.

Жаңа ректор Дария Қожамжарова бұған дейін Тараздағы Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болған. Мамандығы бойынша тарихшы. Еңбек жолын аталған оқу орнында қарапайым оқытушылықтан бастаған. Осы мекемеде табан аудармастан жұмыс істеген. Ғылым докторы, прорфессор, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент мүшесі. Тараз қалалық мәслихатының депутаты болған. 2016 жылдан Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты, мәслихаттағы тұрақты комиссияға жетекшілік етеді. Сонымен бірге «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының төрайымы. Айта кетері, Дария Пернешқызы Қазақстанның бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың туған әпкесі.

Бақытжан Әбдіраш

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір